Новости на Newstaraz.

Назарбаев қоры экс-президенттің «миллиардтары» туралы зерттеу жариялаған америкалық ұйымды сотқа берді

newstaraz.kz

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» Американың Балтимор қаласында шоғырланған коммерциялық емес ұйым Journalism Development Network’ті сотқа берді. Бұл жөнінде Courthouse News Service сайты жазды.

Сайттың жазуынша, шағым беруші Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) зерттеуінде баяндалған жайттар атап айтқанда, «қор қаражаты мақсатына сай жұмсалмайды» деген тұжырым шындыққа сәйкес келмейді және аталған ақпарат қордың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп отыр.

Мәселе биыл 19 қаңтарда OCCRP жариялаған зерттеу жайлы болып отыр. Онда Назарбаевпен байланысты төрт қайырымдылық қорының ( «Қазақстанның бірінші президенті – Елбасы» қоры, «Назарбаев қоры», «Нұрсұлтан Назарбаев қоры», «Демеу қоры» және «Елбасы») аты аталады. OCCRP Назарбаев қорына тиесілі активтерде кемі 7,8 млрд доллар барын анықтаған.

Courthousenews.com сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, «Назарбаев қорының» атынан шағымды Нью-Йоркте шоғырланған Boies Schiller Flexner заң фирмасының атқарушы әріптесі Мэтью Л. Шварц 29 шілдеде түсірген.

Шағымда «Назарбаев қорының» «Назарбаев университеті» мен Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржылай қолдау үшін құрылғаны, экс-президенттің меншік құқығы жоғы, қор активтерін басқарып отырмағандығы айтылған.

Бұған дейін зерттеушілер қағаз жүзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа ешқандай активтер тиесілі емес, бірақ ол мүліктерді бақылап, оларды сату немесе беру туралы шешімдерді қабылдай алады деп жазған.

«Шағымға ешқандай негіз жоқ. OCCRP біздің версияны қолдайды» деді Journalism Development Network атқарушы директоры Дрю Салливан Courthouse News сайтына.

Қаңтар айында үш қайырымдылық қорының өкілдері «Назарбаев бақылауындағы активтер» туралы журналистердің сұрақтарына жауап бермеген еді. Тағы бір мәлімдемелерінде активтерден кіріс түспейді, себебі ұйым Қазақстандағы білім мекемелерін қаржыландырумен айналысады деген.

Journalism Development Network әлем бойынша зерттеумен айналысатын ондаған БАҚ-тың басын біріктірген Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығына (OCCRP) жетекшілік жасайды.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Boies Schiller Flexner АҚШ-та кіші Джордж Буш пен Альберт Гор арасындағы дау сияқты ірі істермен айналысқан. Бұл заң фирмасының атқарушы серіктесінің аты қазақстандық БТА-ның Мұхтар Әблязовқа қарсы түсірген шағым бойынша істе де аталады.

«Назарбаев қоры» 2009 жылы құрылған. Оны Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетімен байланыстырады. Зерттеуге сәйкес, 2019 жылы Назарбаев отставкасынан кейін қор белсенді түрде инвестициямен айналыса бастаған. Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің отбасы бақылауындағы «Цеснабанкті» сатып алған. Бұған қоса, онлайн-саудамен айналысатын платформа, қоймалар мен сауда орталықтарын иеленген. Журналистердің мәліметінше, қор швейцариялық компаниядан құны 100 млн доллар тұратын Airbus ACJ320neo лайнерін сатып алып, Қазақстанға импорттаған. «Назарбаев қорының» Жерорта жағалауындағы Rixos Beldibi қонақ үйіне қатысы бары да айтылады. Бұл нысан түрік үкіметі Қазақстанға туризмді дамытуға арнап бөлген жерге салынған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »