Новости на Newstaraz.

Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында 7 миллиард доллардың келісімі жасалды

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында осы елдің бизнес жетекшілерімен кездесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты 7 миллиард доллардың 20-дан астам коммерциялық құжатына қол қойылған. Бұл қаржы авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы және инфра құрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыруға бөлінбек.

Сонымен қатар үкіметаралық үш келісім жасалған. Олар – Мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін ақы алмау туралы келісім, Қазақстан территориясы арқылы коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету келісімге хаттама және Халықаралық салық дисциплинасын жетілдіру туралы келісім.

Ресми мәлімет бойынша, кездесуде Назарбаев сапар барысында қабылданған екі жақты қарым-қатынасты тұтастай қамтитын кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеменің ерекше мәні барын айтты. Ол Қазақстанда мемлекеттің бизнес жүргізуге жағдай жасап жатқанын, республиканың транспорттық және транзит әлеуеті арта түскенін және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушыларға бірқатар жеңілдіктер жасалып отырғанын айтып, америкалық бизнесмендерді Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Похожие статьи

АҚШ іскер топ өкілдері Қазақстанмен экономикалық ынтымақтасты кеңейтуге мүдделі екенін білдірген.

Назарбавевтың сөзінше, АҚШ Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестиция көлемі жағынан екінші орында тұр. АҚШ Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері елге 50 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Ал өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 2 миллиард долларға жуықтаған.

Қазақстан президентінің АҚШ-қа ресми сапары 16 қаңтар күні басталған. Кеше Назарбаев Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »