Новости на Newstaraz.

«Ninety One» әншісінің ата-анасы топты әбден сынаған Сәкен мен Мейрамбекке жауап берді

newstaraz.kz

Ninety One тобы. Фото: instagram

Ninety One тобы қазақ эстрадасына жаңа леп әкеліп, бұрын-соңды болмаған ерекше стильдерімен елді дүр сілкіндіргелі бері олардың тарапына айтылатын сын-пікірлер де бәсеңдемей келеді. Аз ғана уақыттың ішінде өз тыңдарманын тауып үлгерген талантты жігіттердің киім киістері мен шаш үлгілерін сөз қылмаған адам жоқ шығар, сірә. Әсіресе, өнердегі аға-әпкелері мен өздерімен қатар әріптестері олардың сахналық образын біраз сынаған болатын.

Мәселен, әйгілі МузАрт тобының беделді мүшелері Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаев отандық телеарналар мен басылымдарға берген сұхбатында 91 тобы туралы өз ойларын астарлап та, ашық та білдіріп жүр. Осы орайда, қазақ эстрадасы қаймақтарының топ мүшелерінің тәрбиесіне қатысты айтқан сөздеріне жігіттердің бірінің ата-анасы жауап берді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Топтың кенжесі Данияр Құлымшинның (лақап аты Bala) ата-анасы, мәдениеттанушы Құлымшин Ақылбай мен филолог-заңгер Кадирова Әлия өз балалары туралы ғайбат сөздерді оқып-білген кезде, шыдамай кеткендерін айтады.

BALA ата-анасы және інісімен. Фото: instagram

«Бір сұхбатында /Zhuldyz.tv/ Сәкен Майғазиев әдеттегісінше Ninety One тобы туралы ой толғап, «Адам танитындай, мейірлене құшақтайтындай, сүйетіндей, ата-аналары қалай жақсы көретінін мен білмеймін. Қалай оларға үйретпейтінін, менің жүрегім ауырады. Өзім үшін емес, ұрпақтарым үшін», – депті. Атап айтсақ, Сәкен бұдан бұрын да топ мүшелерінің болмысына сын айтып, біресе жақтап, біресе даттап жүрген-ді. 2 жыл үндемей келе жатқан бізге, бұл сөздер шектен шыққандық болып көрінді.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бар білгенімізді үйретіп, өсіріп жатқан балаларымызға тіл тигізіп қана қоймай, олардың ата-аналарының, яғни біздің берген тәрбиемізді жоққа шығармақ болған сөздері біздің қолымызға қалам алып, осы ашық хатты жолдауға мәжбүрлеп отыр», — дейді Баланың анасы.

«Өнер жолы – ауыр жол, еріккеннің ермегі емес, танымалдылық та оңайлықпен келмейді. Ол үшін талант, еңбек, ерік-жігер қажет. Осының бәрін біле тұра, бір өнерпаз екіншілеріне неше түрлі атау беріп, қала берді анекдот шығарып, онысын жария басылымдарда жариялауы – біріншіден, жеке адамдардың ар-намысына тіл тигізуі, яғни заң бұзушылық болып есептелінеді. Екіншіден, аталмыш топтың тыңдармандарымен санаспағандық, олардың талғамдарын сыйламағандық деп білеміз!

Нақтылап айтсақ, 91 тобы туралы жағымсыз, біржақты пікірлер айтып жүрген өнер адамдарының ішінен, жастайларынан көз алдымызда өскен, өздері де топ құрған, оның барлық «қызық-шыжығын» білетін Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев інілеріміздің қандай бастамаға жанашырлық жасамақ болып жүргендерін түсіне алмадық«, — деген ата-ана Мейрамбектің сұхбатын көріп, қынжылғандарын алға тартты.

«Жарайды, қарапайым тыңдарман өнердің кей тұстарын түсінбей немесе топтың музыкасын, киім киістерін жатсынып, түрлі сөздер айтып жатса, түсінуге болады. Талғамға талас жоқ деген. Алайда мәдениет қайраткерлерінің кәсіби сын емес, біреуінің анекдот шығарып, екіншісінің /Мейрамбек Беспаевтың Zhuldyz.tv-ға берген бейне сұхбатында/ «…Ондай танымалдылықтың керегі жоқ. 5 адам болса, 2-і ұрғысы кеп жүреді. Бұғынып-тығылып жүрген ол өнер ме, әкең?» дегенін қалай түсінуге болады? Мейрамбек пен Сәкен осылай деген деп, топқа қарсы болып жүргендердің қарсылығын одан сайын өршіту ме мақсаттары?», — дейді танымал тұлғаларға ренішін білдірген олар.

Похожие статьи

Сондай-ақ, Даниярдың ата-анасы үнемі топ мүшелерінің тәрбиесін сынайтын жандарға өз балаларын әрдайым бақылауда ұстайтынын айтты.

«Тіпті, 91 (Ninety one) тобындағы балаларымыздың «тәрбиесі» жайлы сөз қозғап, жөн көрсетуге, қала берді, бізді, ата-аналарын сөз қылуға ешкімнің хақысы жоқ. Балаларымыз өнерлеріне сүйеніп, әндерін жазып, билерін билеп, халықтың алдында қалай еркелесе де, қалай жүрсе де өз еріктері. Кезінде сіздердің әндеріңізді тыңдап, өнерлеріңізге сүйсініп, құрметтедік, мақтан еттік. Енді сіздердің біздің балаларымыздың бастамаларына қабаттасуларыңызға жол болсын? 91 тобы — жаңа заманға лайықталған жанрда өнер көрсетіп, әлемдік поп музыка ырғақтарынсыз жаңа заман тынысын сезіне алмайтын өскелең ұрпақ, жас буыннан тұратын өзіндік публикасы бар топ. Біздің балаларымыз, әуелі Алланың аманатында, одан қалды өзіміздің бақылауымызда!»

Жігіттерді сахналық образдарына бола табалай беретіндерге ашынған әке мен ана бала тәрбиесі жайлы да сөз қозғады.

«Дүйім қазақ жастарының тәрбиесі осы бес жігіттің қолында емес. Баланы тәрбиелеу – сахнадағы бес жігіттің емес, үйдегі ата-ананың міндеті. Ал кімде-кім баласын тәрбиелей алмаса – кінә өзінен. Оны сахна әншілерінен көрудің түкке қажеті жоқ.

Музыкант, әнші ретінде музыкалық жанрларын, жасаған дүниелерін: сингл, альбом, пайым, бейнебаяндары жайлы сын, кем тұстарын айтсаңыздар өз еріктеріңіз. Ал, жеке басқа тиісіп, ата-аналарының берген тәрбиелеріне күмән келтіру – шектен шыққандық болып табылады.

Біз ұзақ уақыт үндемей келдік. Себебі, бізді ішкі мәдениетіміз салғыласып, бет жыртысып жатуға жібермеді. Әлі де «қазақшылдық» танытып отырғанымызды қаперлеріңізге ұстағайсыздар!», — деген ата-ана әйгілі әншілерден «артық әңгімені қоюды» сұрады.

«Біз бар білгенімізді бойына сіңіріп, алақанымызға салып өсірген балаларымыз жайлы айтылып жатқан ғайбат сөздерге қосылып, тіпті, берген тәрбиемізге күмән келтіріп отырған, өзіміз есті деп санап келген Сәкен мен Мейрамбек болғаны қынжылтты.

Айналайындар, Мейрамбек, Сәкен!!! Біздің жүріп өткен жолымыз сіздердікінен едәуір ұзақ әрі ғұмырлы. Біз бойына қазақы тәрбие мен рух ұялатып өсірген балаларымызға сенеміз! Бәріне уақыт төреші! Атам қазақ «болар баланың белін бу» деген. Артық әңгімені қойыңыздар! Сөзге тоқтайды деп үміттенеміз.

Өздерің де бір сәт жастық шақтарыңызға оралып, 19 жаста қандай ән тыңдап, қандай киім киіп, қандай би билегендеріңді еске түсіріңіздерші….», — дейді Даниярдың ата-анасы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »