Новости на Newstaraz.

Оңтүстікте шенеуніктер оқушылар тамағына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

newstaraz.kz

Түркістан облысында білім басқармасының қызметкерлері оқушылар мен студенттерді тамақтандыруға бөлінген 36 млн теңге (қазіргі курс бойынша шамамен 84 мың доллар) қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы 9 қыркүйекте қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, облыстық білім басқармасының үш қызметкері мен олармен «сыбайлас» делінген тағы бір Шымкент тұрғыны күдікке ілінген.

Тергеу органдарының болжамынша, 36 млн теңге орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық шараларға дайындау кезінде оларды тамақтандыру үшін жұмсау үшін бөлінген. Ал күдіктілер «спортшылардың қолын қолмен жасаған».

«Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілген жоқ» делінген агенттік хабарламасында.

Бұдан бөлек, агенттіктің жазуынша тергеу кезінде айыпталушылар өзара астыртын сөз байласып, «жүргізіліп жатқан тергеу бойынша оң шешім қабылдануы үшін» экономикалық тергеу қызметінің мамандарына 6 млн теңге көлемінде пара бермек болған.

Ведомство күдіктілерге 2 және 7 жыл аралығында түрме жазасы берілуі мүмкін екенін айтады. Қазір қылмыстық іс Шымкент прокуратурасында.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »