Новости на Newstaraz.

ОҚО-да аруаққа табынып, төбеден домалаған сектанттар жұртты шошытты (видео)

newstaraz.kz

Әйгілі Отырар кітапханасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи орын сектанттардың мекеніне айналған. Бұл туралы Oinet.kz сайтына белгілі журналист Ерік Рахым жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

— Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы әйгілі Отырартөбеде келеңсіз оқиғаның куәсі болдық. Бір топ сектант (іс-әрекеттеріне қарап, осылай демеске лаж жоқ) қасиетті орында ойларына келгенді істеп жүр. Анығында, еркек демей, қатын демей, бірінен соң бірі төбеден домалап түсіп жатыр. Ешқайсысы жөндерін айтқысы келмейді. Отырарлық ағайындардың өзі бұрын-соңды мұндайды көрмеген. Әдетте ақылға сыймайтын осындай әрекетпен көлденең пайда тапқысы келетін алаяқтар немесе дәстүрлі дінімізге жат сектанттар айналысуы мүмкін. Мына оқиғаның кейіпкерлерін қайсы топқа жатқызсаңыз да, еркіңіз, — деген автор секнаттардардың видеосын жариялаған.

Әйгілі Отырар қаласының орны – бүгінде ашық аспан астындағы мұражай. Мұнда 30 мыңға жуық экспонат бар. Отырартөбеге әлемнің әр жерінен мыңдаған турист үздіксіз ағылып жатады.

Похожие статьи

Ғалымдардың жазуынша, әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі осы Отырар қаласында болған.

— Туристерді қызықтыратын да осы – көне қаланың озық мәдениеті. Ал енді шетелдіктер қасиетті орында әлгіндей оқиғаны көрсе, Қазақстан туралы не ойлайды? «Мәдени құндылықтарының қадірін білмейтін жабайы ел екен» деп кетпей ме, келген-кеткен қонақ, — деп жазады автор.

Осы орайда, автор Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан осы оқиғаға байланысты ресми жауап күтеді.

 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »