Новости на Newstaraz.

ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның қабірін ашу үшін елбасыдан рұқсат күтіп отыр

newstaraz.kz

Шыңғыс ханның қабірін іздеген ерлі-зайыптылар. Фото: zamana.kz

Бүгінде Арыс қаласының солтүстігінде түсініксіздеу бір қазба жұмыстары жүріп жатыр. Қала маңындағы «Лесхоз» деп аталатын шағын ауылдың жанында кезінде жарты әлемді жаулап алған атақты Шыңғыс ханның қабірі жатқан көрінеді деп жазады Замана басылымы.

Ал қабір қазумен айналысып жүргендер – ерлі зайыпты Сман Өтеген мен оның жары Гүлжанар Алтынбек.

Бұл кісілер алғашқыда Темірланда тұрған, бір жылдан соң жұмыс бабына байланысты Алматыға қоныс аударыпты. Гүлжанардың айтуынша, бірде төртінші бабасы Манас түсінде аян беріп: «Сені жақында бір кісімен таныстырамын. Ертең құрбандыққа мал шалып, үйден иіс шығаруың керек», – депті. Екі күннен соң бабасы Гүлжанардың танысатын адамы жай адам емес, атақты Шыңғыс ханның өзі екенін жеткізген. Таңқаларлығы, ұзамай қаһарлы ханның өзі де көріне бастапты. 2014 жылы қараша айында Шыңғыс хан Гүлжанардың түсіне кіріп: «Менің бар деген жеріме барасың», — дейді. Содан ерлі-зайыпты екеуі Оңтүстікке қарай жол тартқан. Арыс қаласына келген кезде енді оңтүстікке қарай бұрылу керектігі айтылған. Осы жолы Шыңғыс хан оған «Абыз ана» деген ат беріпті.

Сол жолы болашақта қазылатын жерге белгі қойып қайтқан ерлі-зайыптылар келесі жылы сәуірде қазба жүргізуді бастаған. Осы маңда ханның бір қолбасшысының және атақты Майқы бидің де бейіттері жатқан көрінеді.

Кейде жұмыс кейбір себептерге байланысты саябырсып, тіпті тоқтап та қалады. Өткен жылдың қазан айында қайта басталған қазу жұмыстары әзірге тоқтап тұр. Қазір ханның қабіріне небәрі 30 сантиметрдей ғана жер қалыпты. Ары қарай қазуға рұқсат жоқ. Себебі Шыңғыс ханның өзі елбасыдан рұқсат күтіп отырған көрінеді.

Похожие статьи

Егер Нұрсұлтан Назарбаев осы жаңалықты естіп, қабірді ашуға рұқсат берсе, онда елімізде біз күтпеген оң өзгерістер орын алады екен. Ел ішінде парақорлық, жем­қорлық және зинақорлық секілді жаман әдеттер тиылады дейді.

Сманның өзіне тіпті Шыңғыс хан: «Мен осы жерде жатырмын, жер бетіне шығарыңдар. Мен моңғол емеспін, қият деген руданмын. Әке-шешем – қазақ, әйелім Қоңырат руынан», – деп аян беріпті-міс.

Елді мекеннен екі-үш шақырым қашықта жатқан бұл жердің сыртқы жағы жарым-жартылай қоршалыпты. Бүгінде 12 метр тереңдікте қазылған тун­нельдің ұзындығы шамамен 30 метрге жуық.

Ішке түскенде оңға бұрылуға тура келеді. Одан да төмен түскенде бұлақ көрінеді. Сманның айтуынша, бұлақ суы қанша алынса да ортаймайды екен, ем-домдық қасиетке ие деседі. Оны ішкен талай адам дертінен айығыпты.

Бұлақтан солға қарай еңкейіп жүруге тура келеді. Бұл жерге түскен адам қап-қараңғы тас түнекте фонарь жарығының көмегімен ханның қабірі жатыр деген жерге барып тіреледі. Бір қызығы, қазылған сайын бұл жерде әртүрлі белгілер пайда бола береді екен. Мысалы, «Х16» деген жазудың мәнін ешкім түсіне алар емес. Сол секілді, анықтап қараған адамға «1» және «2» деген сандар көрінеді. Оң жақтағы «2017» деген сан да қашалып жазылған секілді әсер қалдырады.

Жалпы, бұл айтылғандарға сену-сенбеу – әркімнің өз ісі. Дегенмен «Орта Азия қақпасы» атанған шаһардың солтүстігінде қазу жұмыстарының жүріп жатқаны рас. Ал түстерінде аян беріп, Шың­ғыс ханның жол көр­сетуімен қабір қазуға кіріскен ерлі-зайыптылардың жағдайы жақсы деуге ауыз бармайды. Өйткені олар соңғы бір-екі жылдан бері үйден үйге көшіп жүр.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »