Новости на Newstaraz.

ОҚО тұрғыны: Еркектер қартайғанда қор болмауы үшін тоқал алуы тиіс

newstaraz.kz

Құттыбек Ашатов. Фото: zamana.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы Зертас ауылының тұрғыны Құттыбек Аташов тоқал алу әрбір ер азамат үшін маңызды екенін алға тартты. Бұл туралы «Замана» басылымы жазады.

«Кейінгі кездері көп әйел алу туралы сөз жиі қозғалып жүр. Меніңше, бұл өзі қоғамға керек нәрсе. Ең бастысы, еркекке керек, қартайғанда қор болмас үшін. Сүйіп қосылған ерлі-зайыптының жұбайы күйеуіне оны қор қылмайды-ау деп өзі таңдап әйел әпереді. Өйткені еркек өліп кетсе әйел аса қинала қоймайды, келінімен сөзі жарасып кете береді, жақсы сыйласса, ауырып жатып қалған жағдайда келіні оған қалай қараса да ұят болмайды. Ал еркек әйелінің артында қалса, оған қартайғанда қиын, оның жағдайын келіні жасай алмайды. Басқасын айтпағанда, үлкен дәрет, кіші дәрет деген бар, өздігінен оған шамасы жетпесе, келіні оған қалай қарайды? Құдай басқа салмасын, осыны көзіңізге елестетудің өзі қорқынышты. Ал мұндай жағдайға ұшыраған адамдарды өмірден талай көргенбіз», — дейді Құттыбек Аташов.

Похожие статьи

Қария «жақсы жар күйеуіне тоқалды өзі әпереді» деген пікірде.

«Сондықтан күйеуінің кейінгі халін ойлаған әйелдер оған тоқал әпереді, ал қор болып өлсін дегендер екінші әйел әпермейді. Біле білген әйелге күйеуі – пірі, жарын дұрыстап күте білген әйел жәннатқа барады. Дінде осылай айтылған. Мұны есте ұстау керек. Әрине, бас салып әйел ала беру керек демеймін. Көп әйел алудың өзіндік жауапкершіліктері де бар, еркек соның үдесінен шыға алатын болуы керек. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме», — деп ойын білдірді ақсақал.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »