Новости на Newstaraz.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қытай қалашығы» туралы не білеміз?

newstaraz.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында қытайлар қоныстанатын ауылдар бар. Солардың бірі Түлкібас ауданының Балықшы ауылы деп жазады Замана басылымы.

Газеттің таяудағы нөмірінде  «Шымкентте де «Қытай қалашығы» бар. Онда 1500-дей қытайлық тұрады екен» деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын. Ол мақалада Шымкент қаласының іргесінде аумағы 5-6 гектарды алып жатқан жабық қалашық бары, онда негізінен қытайлықтар қоныстанғаны, бірақ олардың нақты нендей іспен айналысып жүргені белгісіз екені жөнінде айтылған еді.

Әсіресе Балықты ауылының маңындағы қалашықта қытайлықтар өздеріне арнап аурухана, мектеп салдырып, ол жерге әйел, бала-шағасымен қоныстанып алғанын жеткізген-тұғын. Осыған байланысты газет тілшілері Түлкібас ауданындағы «Қытай қалашығын» көзбен көріп қайтқан.

Елдің айтып жүрген жері Балықты ауылдық округіне қарасты Абай ауылының маңында, қия беткейде орналас­қан екен. Айналасы темір сыммен керіле қоршалған, аумағы шамамен 4-5 гектарды алып жатқан бұл жер бір көрген адамды күмәнді ойға жетелейтіні анық. Себебі айналаға бірнеше бақылау камералары орнатылған, әрбір 10 метр сайын күзет бекеті орналастырылған. Қоршаудың ішіне кірмек түгілі, суретке түсірудің өзіне тыйым салынған. Арнайы «пропуск» болмаса, маңайына жолауға болмайды дейді күзетшілер.

Ел ішінде «Қытай қалашығы» атанып кеткен бұл жер «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі екен. Яғни мұнда Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салу және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Похожие статьи

Атшаптырым жерді алып жатқан аумақта жұмысшылардың жатақханасы, спорттық алаң, газ құбырын қадағалап отыратын мамандардың кеңселері орналасқан. Сондай-ақ арнайы техникалар қоймасы, асхана, шағын емхана да бар. Яғни мұнда жұмыс істейтіндерге барлық жағдай жасал­ған. Бірақ ол жерде жұмыс істейтіндер кімдер? Қазақтар ма, әлде Қытайдан келгендер ме?

Мекеме басшылығының мәліметіне сүйенсек, бұған дейін бұл жерде Қытайдан келген азаматтар анағұрлым көбірек болған көрінеді. Олар бұл жерде құрылыс жұмыстарын жүргізіп, ішін толығымен жабдықтапты. Бірақ содан соң өз елдеріне кеткен. Ал қазір мұнда 17 қытайлық қызмет етеді дейді. Ал штат бойынша мұнда 247 адам жүмыс істейді.

«Шындығына келгенде, бұл мекеме Түркіменстанның газын Қытайға қарай тасымалдау мәселесі бойынша құбыр тартумен айналысады. Мына тұрған ғимараттардың бәрін қытайлықтар өз қаражатының есебінен салып берген. Қазір мұнда Қытай азаматы көп емес, тек инженерлер ғана жұмыс істейді. Олар мұнда газ құбырының қалай орналастырылып жатқанын, жалпы жұмыстың дұрыс жүргізілуін ғана бақылайды. Ал қалған мамандардың бәрі өзіміздің жергілікті тұрғындар. Яғни Ақтөбенің, Алматының, Сары­ағаштың, Шымкенттің және осы Түлкібас ауданының аумағына қарайтын ауылдың адамдары жұмыс істейді. Ешқайсысы отбасымен көшіп келмеген. Бәрі де вахталық әдіспен еңбек етуде.Ашығын айтар болсам, бұл жоба – Қазақстан үшін олжалы жоба. Осыны кезінде Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері өз елдерінің аумағынан өткізу үшін қанша мәрте әрекет жасаған болатын. Егер олай еткен жағдайда қытайлықтар бірнеше жүздеген шақырым жол қысқартар еді. Алайда Елбасының, жалпы, билік басында отырған азаматтардың арқасында бұл газ құбыры біздің елмен өтетін боп шешілді. Ел қазынасына құйылып жатқан басқа қаржыларды айтпағанның өзінде, қазір олар жылына біздің облыс бюджетіне 15 миллиард теңге салық төлеуде», – дейді серіктестік филиалының директоры Бахадыр Нарымбетов.

Бахадыр мырза осылай дегенімен сол маңдағы ауыл тұрғындарының көкейінде күмән көп. Олар жабық режимде жұмыс жасайтын аталмыш мекеменің ішінде Қытайдан келгендер көп деп есептейді.

«Менің өз дүкенім бар, – дейді Балықты ауылының Айсара есімді тұрғыны. – Сол жерге ара-тұра топырлаған қытайлықтар келіп, сусын, темекі алып кетеді. Жұрттан естіп жатырмыз ғой, ол жерде кемі жүзге жуық қытай азаматы бар екен. Бірақ олардың көбін елде шу шығып кетпесін деп сыртқа шығармай ұстайтын көрінеді. Оның үстіне ол жерге ауыл тұрғындарының ешқайсысы кіріп-шыға алмайды. Немен айналысып жатқандарын да ашып айтпайды. Газ жүргізіп жатқанын естиміз, бірақ нақты ақпарат жоқ. Осыларды ойлай келе жасап жатқан тірліктері күмәнді деп ойлаймын».

Балықты ауылының маңындағы «Қытай қалашығы» туралы әзірге бар мәлімет осы. Басшылар бізге онда жұмыс істейтіндердің көбі өзіміздің қандастарымыз деп айтқанымен халықтың көкейіндегі күдік сейілмейтіні белгілі.

Ендеше, «Азия­лық Газ құбыры» мекемесі ауыл адамдарын арнайы шақырып, оларға өздерінің атқарып отырған жұмыстарын жария түрде көрсеткені жөн секілді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »