Новости на Newstaraz.

ОН ЖАСАР ҚЫЗДЫ КӨЛІК ҚАҚТЫ

newstaraz.kz

Қызылордада адамдар аялдамада тұрып мерт болса, Оралда он жастағы қыз жаяу жүргіншілер жолағында қаза тапты. Оқушыны жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оқыс жайт сол жердегі бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Дәл осы бейнежазбаның көмегімен кінәлі жүргізуші де көп ұзамай қолға түсті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кездейсоқ көлікте жазылып қалған сұмдық бейнежазбада 10 жастағы Айару Ермектің өмірінің соңғы сәті таспаланған. Әжесімен жаяу жүргінші жолағынан өтпек болған оны, жүйткіп келген көлік қаққан. Соққынның қатты болғаны соншалық, ол сол жерде тіл тартпай кеткен. Мектеп оқушысының өмірін жалмаған жүргізуші оқиға орнынан қашып, автокөлігін тығып тастаған. Бірақ, кейін көп ұзамай ол қолға түсті.

НҰРЛАН БИСЕНОВ, ОРАЛ Қ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Ол азамат жол оқиғасына қатыстығын айтты. Жасаған іс-әрекетін мойындап, автокөлік тыққан жерін көрсетті. Көлік тәркіленді. Оның зақым келген жерлері бар екені анықталды».

33 жастағы темір тұлпар иесі бұрын сотталғаны болып шықты. Соққан кезде ащы су ішпегенін сараптама көрсеткен. Қазір ол тергеу изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалған. Мектептегілер оқуда озат, қабілетті болған оқушының үнемі жол ережесіне мұқият қарайтын еді, дейді.

ЭЛЬМИРА МЫРЗАШЕВА, №44 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Қыз баланың өзінің үстінде жарықтандырығы лентасы болған. Курткасы өзі сондай. Қолында сіңлісіне алған лентасы болған. Бір метр. Қолында ұстап, мені көріп тұрады, ешкім баса алмайды деп айтып, жүгіріп бара жатқан жерінен қаққан».

Қайғылы оқиға болған жерге бүгін жергілікті жұрт жиналды. Олар 4-сынып оқушысы қайтыс болған аумаққа гүл шоқтары мен ойыншықтар қойды. Азаматтар барлығына жарықтың жоқтығы себеп дейді. Мәселе шешілмесе, жағдай қайталануы мүмкіндігін де айтады.

ЭЛЬМИРА СЕГИЗЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Осы жол жайлы мәселені көтергенімізге көп болды. Жарық жоқ көшеде. Мына жол жасалынғанына бір-екі жыл болды. Өйткенімен, жарық жасалған жоқ. Енді машиналар деген зырғып жүреді. Қатты. Пешеходный полосаның суреті кетіп қалған».

Дегенмен, қалалық шенеуніктер барлық жұмыстарды келесі жылға қалдырып отыр. Ал, каратэ мен би жарыстарында көптеген жеңістерге жеткен Айару әлем чемпионы болуды армандапты. Үйдің үлкеніне ата-анасы да үлкен үміт артыпты.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »