Новости на Newstaraz.

Оралдық дәрігер үшінші рет балалы болған әйелді туа бергені үшін сөгіп тастады (фото)

newstaraz.kz

Фото: NUR.KZ

Оралда учаскелік дәрігер үшінші рет балалы болған әйелге туа бергені үшін ауыр сөз айтып, жекіп тастаған. Жаңа босанған әйелдің туыстары этикадан жұрдай дәрігер қызмет ететін емханаға облыстық басқармадан тексеріс жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Редакцияға хабарласқан оралдық Меруерт Нышанова қаладағы №3 емхананың учаскелік дәрігері Кулайым Қалажанованың қызмет барысындағы дөрекілігіне шыдай алмаған.

«Дәрігердің жеке басында шаруам жоқ. Оның қандай адам екені маңызды емес. Тек өз жұмысын дұрыс атқарса болды. Маған учаскелік дәрігеріміз Күлайым Қалажанованың өзін дөрекі ұстап, менсінбей, қайғымды бетіме басқаны ауыр тиді«, — деп бастады басынан өткен жайды әңгімелеген Меруерт.

Әпкелі-сіңлілі Жадыра мен Меруерт Нышановалар көпқабатты үйдің көршілес пәтерінде тұрады екен.

«Жадыра 26 наурыз күні үшінші ұлын босанды. Учаскелік дәрігер ана мен баланың жағдайын тексеру үшін сол үйге келіпті. Үйде жездем, тағы бір әпкем және мен отырған едік. Дәрігердің көзінше сол үйдің екі-үш жастағы ұлдары ойнап, шулап кетті. Қонақ келсе баланың шулап кететін әдеті емес пе?! Соны көрген дәрігер босанғаннан кейін жүйкесі тозып отырған әпкеме ұрысып, жылатып қойды.

«Балаларда тәрбие жоқ. Неменеге тағы туып отырсың? Саған спираль салдыр дегенде неге тыңдамайсың? Бала туып, баға алмайтын болсаң ауылыңа кет, сол жақта не істесең де өзің білесің!», — деп айқайлап тастады. Бұл сөзіне жай қарап отыра алмадым. «Бұл не сөз? Сіз босанып отырған әйелге не айтып отырсыз?», — деп мен де кірісіп кеттім. Дәрігер өзіме шап берді. «Сен өзіңнің бір жарым жасар балаңды қолдан өлтірген анасың. Мүлдем араласпа», — деп айқайлап тастады», — дейді жыларман болған келіншек.

Меруерт Нышанова осыдан үш жыл бұрын тұңғышынан айырылып қалған екен.

Похожие статьи

«Кім баласын өлсін деп туады? Ол менің үлкен қайғым. Тұңғышымнен қапыда айырылып қалдым. Соны қолдан жасадың деп ескі жарамды тырнап отыр. Ішкі дүнием өртеніп, ызаға булығып қалдым», — дейді Меруерт Нышанова.

Келіншектің айтуынша, осы айқайдан кейін қатты жылаған әпкесінің сүті шықпай қалған. Бір күннен кейін бір айға толмаған баласы ауырып, балалар ауруханасына түсіпті.

«Ол өзі іштей менің сөз естіп қалғаныма өкінгені анық. Міне учаскелік дәрігеріміздің бізге берген көмегі. Біздің салығымыздан айлық алады, ал қызметі «толып» отырған адамды «жарып» кету», — дейді ызаға булыққан келіншек.

Оның айтуынша, қазір әпкесі мен жиені емделу үстінде. Жағдайлары бірқалыпты екен. Дәрігер оларға «балаларыңды уақытша балалар үйіне өткіз» деген. Меруерт маманның бұл сөзін түсінбей отыр.

«Сонда екі баладан артық туғандар балаларын мемлекеттің қарауына беруі керек пе? Әпкем үй шаруасымен балаларына қарап отырған адам. Жездем жұмысын істеп олардың керегін тауып беріп отыр. Дәрігердің әдемі өмір сүріп жатқан отбасын неге бұзғысы келіп отырғаны түсініксіз. Біз  Оралға Шымкенттен көшіп келгенбіз. Дәрігер оны да талай рет бетімізге басқан. Қазақпыз ғой, кісіні жұмысынан айырмайық, қарғысына қалмайық деп кешіріп келдік. Соңғы жағдай қатты ауыр тиді. Сондықтан да облыстық денсаулық сақтау басқармасынан осы емханаға тексеру келсе екен. Мемлекеттік қызметкердің этикасынан емтихан алсын» — дейді ол.

Оралдағы №3 емхана басшылығы  учаскелік дәрігер Күлайым Қалажанованың аталған мекемеде қызмет ететінін, сондай-ақ, Нышановалардың басынан өткен жайдың шынымен де болғанын растады.

«Учаскелік дәрігер Күлайым Қалажанова расымен де бізде жұмыс істейді. Мұнда бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатыр. Өз ісінің маманы. Сіздер айтқан жағдай расымен де болыпты. Дәрігеріміз өте қызуқанды адам. Сөйлеу мәнері солай. Сондықтан да тұрғындармен сөзге келіспей қалған. Оған қатысты шара қолданамыз»,- деп мәлімдеді №3 емхана директорының орынбасары Әлия Жәлелқызы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »