Новости на Newstaraz.

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті болып 7 жылға сайланғанын жариялады

newstaraz.kz

Бүгін, 22 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау қорытындысын хабарлап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,3 пайыз дауыс алғаны туралы алдын ала қорытындының расталғанын жариялады. Кеше 21 қарашада ОСК таратқан алдында ала сайлау қорытындысы да осы мәліметті көрсеткен.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «кезектен тыс сайлау заңға сай өтті, Қасым-Жомарт Тоқаев — халық сайлаған президент» деді. Оның сөзінше, жаңадан сайланған президенттің ант беру рәсімі — инаугурациясы 26 қарашада өтеді.

Кезектен тыс президент сайлауына барлығы алты кандидат қатысқан. Тоқаевтан өзге бес кандидат 2 — 3,4 пайыз аралығында дауыс алған. Сайлаушылардың 5,8 пайызы сайлау бюллетеньіндегі «Бәріне қарсымын» гарафасын таңдаған.

ТМД елдерінен келген бақылаушылар «сайлау заңға сай өтті» деп жариялаған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы «Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті деп» сынаған. Бұл сынға Қазақстан сыртқы істер министрлігі «объективті емес» деп жауап берген.

Кезектен тыс президент сайлауы күні тәуелсіз байқаушылар дауыс беру процесі пен дауыс санау кезінде түрлі қысым жасалғанын хабарлаған. Сайлау күні және оның алдында саяси акцияға шыққан және шықпақ болған белсенділерді полиция алып кеткен. Қазақстандағы тәуелсіз саяси сарапшылар мен саясаткерлер «сайлау бәсекесіз өтті, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев кезінде президенттікке кандидаттарға қойылған шектеулер алынбады» деп санайды.

2019 жылы наурызда Қазақстан президенттігінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев орнына парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған. Алайда қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде жоғары биліктегі ықпалын сақтап қалған. Тәуелсіз сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы жазда өткен президент сайлауынан кейін елде саяси реформа жасауға уәде бергенімен, бұрынғы жүйеге елеулі өзгеріс жасамады деп санайды. Биыл кемі 238 адам өлген Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесі төрағалығын өз қолына алғанын мәлімдеген. Саяси сарапшылар осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев өз билігіне ие бола бастады деп санайды.

Қаңтар оқиғасынан кейінгі сұқбатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан конституциясын өзгертпейтінін мәлімдеген. Алайда биыл жазда референдум арқылы өзгертіп, Назарбаевқа қатысы бар баптарды алып тастаған және «президент билігін шектеп, парламент билігін күшейтетін» баптар қосқан.

Референдумнан соң конституцияны тағы да өзгертіп, Қазақстан президенті өкілетін 5 жылдан 7 жылға созып, бір адам бір реттен артық президент бола алмайтыны туралы жаңа бап енгізген. Жаңа заң бойынша сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік өкілеті 2030 жылы аяқталады.

Қазақстанда президентті жеті жылға сайлау тәжірибесі бұған дейін де болған. 1999 жылы және 2005 жылы Қазақстан президенті 7 жылға сайланған. 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаев конституцияға Қазақстанның тұңғыш президентінің президент сайлауына түсуіне шектеу қойылмайтыны туралы бап қосқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »