Қостанайда 19 жастағы жігіттің өлі денесі табылды
Иллюстрациялық фото: tv29.ru
Өзіне қол салып, асылып өлген 19 жастағы қала тұрғынының денесі Лисаковтағы балалар емханасы ғимаратының маңынан табылған деп хабарлайды Алау порталы.
Марқұм автокөлік сүйрететін қайысты ағашқа байлап, мойнына салған. Сырттай тексеру кезінде зорлық өлімнің белгілері табылмаған. Осы дерек бойынша сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Жыл басынан бері Лисаковта 13 адам өз өмірлерін қиған, 18 суицидтік әрекет тіркелді. Бұл өткен жылғыға қарағанда азайғаны-дейді мамандар. Былтыр 20 адам өздеріне қол алып, өмірмен қоштасса, 30-ы қоштасуға оқталған.
newstaraz.kz