Новости на Newstaraz.

Қостанайда балалардың көзінше шешінген ер адам жұртты шошытты

newstaraz.kz

Психологтартың сөзінше, мұндай адамдарды ғылымда эксгибиционист деп атайды.

Похожие статьи
Затобол ауданында балалардың көзінше шешінген ер адам жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Талтүсте әуретті жерін көрсеткен ер адам жасөспірімдерден кешірім сұрады. Оның суреті мен бейнежазбасы «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жарияланды. Арсыз әрекетке барған жігіт ағасы желі оқырмандарының қытығына тиді.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол жасөспірімдерден қашып кетпекші болған.
«Ерсі әрекетке барған ер адаммен сөйлестік. Ол бізден кешірім сұрады. Ішімдік пайдаланбаған. Киім киісі жақсы. Бірақ, балалардың көзінше мұндай қылық жасағандықтан оны жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Тіпті, видеода оның шалбарының түймесін салмағанын анық көруге болады», — деді Максим Павленко есімді куәгер.
Ал психологтартың сөзінше, мұндай адамдарды ғылымда эксгибиционист деп атайды.
«Эксгибиционизм жасанды және шынайы болып екі түрге бөлінеді. Шынайы дегеніміз — осы әрекетті жасаған кезінде өз-өзін бақылауда ұстай алмайтындар. Мұндайлардың психологиялық сырқаты болуы мүмкін. Ал жасанды эксгибиционизм адамның өз қалауымен жасалатындықтан, көп жағдайда бұзақылық іс-әрекет ретінде танылады», — дейді «Psychologists together» психологиялық орталығының маманы Гүлнұр Мейрамқызы.
Әлеуметтік желідегі бейнежазбаны Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне жібердік.
Фото: inform.kz
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »