Новости на Newstaraz.

Қостанайда туған күнінде тыр жалаңаш бассейнге түскен майор ұятқа қалды

newstaraz.kz

Көрнекі фото: zakon.kz

Қостанай облысының Сарыкөл ауданының орталығында орналасқан «Олимп» емдеу-сауықтыру кешенінде естіген жанның жағасын ұстататын оқиға болған. Туған күн кешін көңілді өткізгісі келген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері жұртшылықтың көзінше тыр жалаңаш бассейінге шомылып, қызметінен кетті деп хабарлайды Baq.kz.

Бір қызығы, «Олимп» емдеу-сауықтыру кешенінің қожайыны майордың ерсі қылығы туралы аудандық ішкі істер бөліміне шағым түсіргенімен, оны әріптестері жылы жауып қойыпты. Тек қана «Сарыкөл» аудандық газетінің бас редакторы Айжан Мусатова мен облыстағы белді басылым «Наш Костанайдың» араласуымен тәртіп сақшысы лайықты жазасын алып отыр.

Жоғарыда аталған сауықтыру кешені қызметкерлерінің көз алдынан сол күнгі болған оқиға әлі кетер емес.

— Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция майоры Ерболат Утебаев өзінің 5 әріптесімен біздің кешенге келді. Бұл былтырғы жылдың соңында кешкі сағат 22.00 шамасы болатын. Тәртіп сақшылары майордың туған күнін атап өтпек болған екен. Олар барлық кешенді жалдап алған. Ал, біздің қызметкерлер бұл жерде ішімдік ішуге қатаң тыйым салынғанын айтты.

Похожие статьи

Кешен сауықтыру саласына бағытталғанын жеткізді. Оны естіген тәртіп сақшылары тез кетіп қалды. Ал, соңында қалған майор суға шомылып салқындағысы келген болуы керек, жылдам шешіне бастады.

Осы сәтте бассейн қызметкерлері бұрынғы тәртіп сақшысына суға түсетін арнайы іш киім киюді ұсынады. Арнайы киімі болмаған майор мырза көп ойланбастан тыр жалаңаш шешініп, суға қойып кетті.

Бұл кезде ол жерде ересектермен қатар балалар да болатын, – дейді «ТРИО» ЖШС негізін қалаушылардың бірі Саак Мелоян.

Шектен шыққан бұрынғы тәртіп сақшысының ерсі қылығына шыдай алмаған сауықтыру кешенінің әкімшісі сол арада 102-ге хабарласып, көмек сұрапты. Ал, оқиға болған жерге жеткен тәртіп сақшылары әріптестерінің қылығын бұрмалап көрсетіп, шақырғандарды кінәлі қылып кетіпті.

«Сол күні мен тренажер залында жаттығу жасап жатқан едім. Бір кезде адамдар шулап кетті. Келсем, әлгі ер адам киініп үлгеріпті. Бірақ, барлық жұртты балағаттап, аузына түскенін айтып жүрді. Ал шақырған тәртіп сақшылары жеткенше ізін суытып үлгерді», – дейді Сарыкөл ауданының тұрғыны, оқиға куәгері Зина Кинган.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »