Новости на Newstaraz.

Отандық телеарна Донбасста соғысып жүрген ресейшілдердің ерлігі туралы фильм көрсетті

newstaraz.kz

5-арна басшылары. Скриншот Арман Шораевтың Facebook парақшасынан алынды

Қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Арман Шораев Қарағандыдағы «5-арна» басшыларын жазалауды талап етіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Себебі арна басшылары 21 шілде күні өз эфирінен Украинаның Донбасс қаласындағы әскери қақтығыстарды және соның ішінде соғысып жатқан ресейшіл азаматтарды насихаттайтын деректі фильмді көрсеткен.

Арнадағы сорақылықты ұялы телефонына түсіріп алған танымал экономист, бизнесмен Мұхтар Тайжан оны Facebook желісіндегі парақшасына салып, «5- арна» басшыларын заң аясында жазалауды талап етті.

«Қарағандының «5-арнасы» кеше Донбасстағы сепаратистермен олардың қалай соғысып жүргені жайлы ерліктерін мадақтайтын деректі фильм көрсетті. Бізде мемлекеттік идеология деген бар ма? Әлде әркім өз бетімен кете бере ме? Ішкі саясат басқармасының жұмысы неге жоқ?», — деп жазды Мұхтар Тайжан.

Похожие статьи

Аталған жазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғамдық пікірталас тудырды. Артынша Қарағанды облысының әкімдігі «5-арна» басшыларының атынан  халықтан кешірім сұрап, осы олқылықты жібергендер тәртіптік жауапқа тартылатынын айтты. Дегенмен, қоғам белсенділері жай сөзбен айтылған кешірімді аздық етіп, заң аясында жазалауды сұрауда.

«Қалай екенін білмеймін, бірақ жазалау қажет. Жай ғана кешірім сұрау аздық етеді. Телеарнаның лицензиясын тартып алу керек немесе ірі көлемде айыппұл салынсын. Ал редакторды жұмысынан қуу керек», — деп жазды белсенді Мұхтар Тайжан.

Бұл ұсынысты КТК телеарнасының экс-директоры Арман Шораев та қолдап, басшылықты жауапкершілікке тарту керектін айтып, жеке парақшасына жазба қалдырды.

«Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін, терроризмді насихаттағаны үшін аталған телеарнаның лицензиясы кері қайтарылсын», — деп жазған Арман Шораев арна басшыларының да фотосын жүктеп қойды

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »