Новости на Newstaraz.

ПОЙЫЗ БИЛЕТІ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

newstaraz.kz

Теміржол билеті 1ақпаннан бастап тағы қымбаттауы мүмкін. Еске салайын, осыдан екі ай бұрын ғана 10 пайызға көтерілген еді. Енді міне кемі 7-10 процент қосымша құн қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан темір жолының» өкілдері айтты. Отандық нарықтағы монополист компания елдің қалтасынан жиналатын қаржыға қай жыртығын жамамақ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Қазақстан темір жолының» шығыны шаш етектен екен. Бар тапқан-таянғанын пойызбен жүретін жұртқа жайлы болу үшін жұмсап жатқан көрінеді. Басқасын былай қойғанда, төсек жабдықтарды жаңалап қойған. Көпшілікке жүзі таныс Серік Әбденов тариф неге қымбаттайды дегенге былай жауап берді. СЕРІК ӘБДЕНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰҚ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ HR ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Негізі енді біздің де вагон сатып алу жағдайымыз бар. Басқа да шығындарымыз бар. Енді оны билет арқылы қайтармасақ басқа табыс көзі жоқ қой өздеріңіз білесіздер. Сондықтан жыл сайын сатып алған вагонның несиесін де қайтаруымыз керек. Басқа да жағдайлар бар. Инфяция деңгейіне қарап өсіру жалпы қажеттілік. Егер тариф, билет бағасын көтермесек онда мемлекет жағынан қолдау болу керек. Тарифты көтермесек келесі жылы 2,8 миллиард қосымша субсидия қажет». «Семіз сөйлеп, арық шығатын» басшылардың есебіне Сенат төрағасының көңілі толмады. Тараптарды мұқият тыңдап алған Дариға Нұрсұлтанқызы, теміржол саласындағы кемшіліктерді бірінен соң бірін тізіп шығып, беттеріне басты.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Анықтамадан көріп отырмыз. Вагондар ескірген, тапшылық бар. Теміржолда жемқорлық осындай дүниелерден кейін туады. Тариф қымбаттап, тасымалданатын тауарлардың құнына да әсер етеді. Бәрі бір бірімен біте қайнасып жатыр. 16 мыңнан астам теміржолдың тек 3 мыңы ғана жөнделген. Пойыздардың жылдамдығы сағатына 50 шақырым. Бұл мақтанатындай жағдай емес. Халықаралық кездесулерде,жиындарда инвесторларды шақырып «Қазақстанның транспорттық әлеуеті тамаша, біз арқылы жұмыс істеңіздер» деп шақырамыз.

Мұндай кемшіліктер бар кезде қазынаға қайдан түсім болады?». Назарбаеваның айтқанын тыңдап, түртіп жазып алған жауапты азаматтар жөнделеді, жаңарады, түзейміз деген сыңайда уәде берді. Сенаттың отырысында теміржолға қатысты басқа да өзекті мәселелер көтерілді. НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз осы онлайн төлемдер арқылы билет сатып алу мүмкіндіктерінен айырылып отыр. Яғни, олар аяқтай теміржол кассаларына барып билет алуға тура келеді.

Өздері жүре алмайтын, біреудің көмегіне мұқтаж адамдарға біз осындай мүмкіндікті бермей отырмыз. Бұл мәселе қалай шешіледі? Бұл сіздің құзырыңызда». Сенатор сондай-ақ мүгедектерге бір вагонда жеңілдікпен тек екі ғана орын қарастырылатынын айтты. Бұл да ол топтағы азаматтарға қиындық тудырады екен. БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ «Өте күрделі сұрақ. Тамызда теміржолда «Мобиус» жүйесін енгіздік. Сол арқылы азаматтар еш қиындықсыз билет сатып ала алады. Бірақ, оны мүгедектер қолдана алмайды.

Бұл жүйені Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып түзеу керекпіз. Яғни, 50 пайыз жеңілдік алатын мүгедектердің тізімі бізде болуы қажет. Бұл мәселе күн тәртібінде. Бір вагонда тек екі орын ғана жарымжан азаматтарға беріледі дедіңіз. Оныңыз рас. Біз ол норманы да өзгертеміз». «Қаржының жалғыз көзі — ол біздің азаматтар» деген «Қазақстан темір жолы» өкілінің айтқанына сенсек, пойыз билеті ақпаннан бастап қымбаттайды. Ал соңғы сын, ескертпелерге қатысты келер болсақ, ол олқылықтардың орнын толтыру үшін жауапты тараптар қомақты қаражатты қайдан алады? Айналып келіп екі ай сайын билеттің құнын көтеруді әдетке айналдырып алмаса болғаны.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »