Новости на Newstaraz.

«Президенттің көңілдесі» Ислам Каримовпен қандай қатынаста болғанын жайып салды

newstaraz.kz

Өзбекстанда елдің бұрынғы президенті Ислам Кәрімов пен кезінде оның баспасөз хатшысы қызметін атқарған белгілі тележурналист Лола Хатамованың арасындағы жақын қарым-қатынас туралы әңгіме тарап кеткен еді. Өзбекстанның тұңғыш саяси шолушысы болған журналист 20 жылдан кейін неліктен ел-жұртқа көрінбей кеткендігінің құпиясын ашты.

Өзбекстандық «Азаттыққа» берген эксклюзивті сұхбатында ол Ислам Кәрімовпен арада болған қарым-қатынас туралы бар құпияны жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Лола Хатамова бүгінде АҚШ-та тұрады. Ол 80 жылдары өзбек телевизиясының жұлдызы еді. Алайда ол туралы елде Ислам Кәрімовтің көңілдесі деген алып қашпа әңгімелерден соң ол аяқасты елге көрінбей кетті.

«Мен соның себебін соңғы 25 жылда әлі саралап келемін. Мен елде танымал теле-радио-журналист болдым. Сонымен қатар мен шығыстану факультетін тәмамдағанмын. Бірнеше тіл білемін. Хинди тілін сегіз жасымнан үйрене бастадым. Үндістанда оқыдым. Осының бәрі маған мансабыма қатты әсер етті. 1990 жылдың жаз айында елімізге Үндістанның сол кездегі премьер-министрі Нарасима Рао келген еді. Мен ол кісімен сұхбат жасадым. Сұхбат кезінде Ислам Кәрімов біздің жанымызда отырды. Қонақтар кеткен соң, Ислам Кәрімов мені шақырып алып, менен хинди тілін қайдан білетінімді сұрады. Содан кейін ол мені Өзбекстан министрлер кеңесінің жанындағы баспасөз секторына меңгеруші етіп тағайындады. Алайда мен телевизиядан кеткен жоқпын. Осылай 1991 жылға дейін жүрдім. Кенет Лола Хатамова Кәрімовке тұрмысқа шықпақшы деген қауесет тарап кетті», — дейді тележурналист.

pogudx10dcprkvu4qg.6ce79b8f
Похожие статьи

Ислам Кәрімовтің бұрынғы баспасөз хатшысы оның көңілдесі болмағанын айтады.

«Мен осындай өсектің қайдан шыққанына әлі күнге таңым бар. Менің  оған ұнайын деген ойым ешқашан болған емес. Ол үйленген еді, еліміздің бірінші адамы болды. Бірақ маған әрқашан көңіл бөліп жүретін. Жиналыстарда маған «Лола Мухаммаджанқызы, Дұрыс айтып тұрмын ба?», «Лолахон, бұл туралы сіз не ойлайсыз?» деп сұрап отыратын. Сондай кездерде мен өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Өйткені мен ол кезде жас болдым. Қызметімді енді бастаған кезім. Ол кездерде елімізде ұлтшылдық өте қатты өршіп тұрған еді. Ислам Кәрімовтің жарының ұлты орыс екенін бәрі білетін. Меніңше, ел-жұрт біз туралы президент орыс әйелін тастап, өзбек қызға үйленеді деп өздері ойдан шығарып алған. Сол қауесеттің қайдан шыққанын білмеймін, бірақ содан кейін мен жұмысымнан айырылдым. Мен ештеңеден қорықпаймын. Кімде күнә көп, сол адам ғана қорқады. Менің кінәм жоқ. Ондай әңгіменің шығуына ешқандай себеп болған жоқ», — деді ол осы тақырыпқа нүкте қоя келе.

Ол бұрынғы президенттің қандай адам болғанын айтып берді.

«Марқұмдар туралы тек жақсы нәрселер айтамыз ғой. Бірақ ол маған көп қиянат жасады. Кінәсізден кінәлі етіп қойды. Мен істемеген нәрсенің өтеуін өтеттірді. Оның қайтыс болғанын естігенде шынымды айтсам оған жаным ашыды. Кәрімов о дүниеге де дұрыс аттана алмады», — деп өз ойымен бөлісті танымал тележурналист.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »