Новости на Newstaraz.

РАКЕТАНЫ ҚҰЛАТҚАН МИНИСТР

newstaraz.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Парламентте қайта-қайта ракетаны жерге құлатты. Мәжілістің жалпы отырысында Байқоңырдағы Ресейдің иелігінен қайтарылатын жер аумақтары мен ондағы зымыран қалдықтары мәселесін шешу жолдары талқыланды. Кезекті заң жобасына өзгерісте қандай дау туды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Нұрлан Зайруллаұлы, құрметті әріптестер!. Ой, құрметті депутаттар. Дұрыс!. Ұмытқан жоқсың ғой». Ауру қалса да, әдет қалмайды дегендей, бұрынғы әріптестерін бір күлдіртіп алған министр баяндамасын бастап, Мәжіліс төрағасы мен депутаттарға Ресей иелегінен шығарылып жатқан жерлер жайында жеткізді. САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ «Негізі шығарылып жатқан жердің барлығы Төретам қаласындағы жерлер. Өнеркәсіп жеріндегі жер. Сондықтан зымырандар түсетін жерге қатысы жоқ. Ал енді ракеталар келіп түсетін жерлерін, жаңа айттым ғой». Әп әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылды» дегендей, жап жақсы айтылып жатқан ақпаратты ракета келіп құртты. «Құдай сақтасын! Ракета емес, бөлінетін бөліктерін. Екінші рет айттыңыз . Ракета құлап жатқаны емес. Кешіріңіз, Нұрлан Зайруллаұлы!» Бұл жолы мінберде тұрып мінсіз баяндама жасау бұйырмаса да министр зымыран қалдықтары түсетін жерлерде қандай жұмыс жасалатынын тізіп берді. САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ «Зымыран қалдықтары келіп түскен жерге қатысты Ресей тарапынан арнайы комиссия шығады, олар келіп тексереді, қалдықтың барлығын өздері жинайды және ол жерлерді рекультивация жасау керек болады. Сол жерде ресейлік «Гипромаш» деген компания рекультивация жасайды».

Мәжіліске қосымша баянадамашы ретінде әрі қосымша сұрақтарға жауап беру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары да шақырылған еді. Ол кісі өз саласына қатысты сын-ескертпе жоқ деді. САНЖАР ЖӘРКЕШОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Зымыран ұшырылған соң осы екі компания зымыран қалдықтарын түскен жерлеріне барып жинап алады. Бұрында сондай жағдайлар болғаны есімізде. Халыққа зиянын осы айтылған екі компания анықтап, айтады. Негізгі мақсат — халыққа ештеңе қалдырмай, бөлшектерді жинап алып, ресейлік компанияға қайтарып беру». Осы кезде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оның баяндамасын бөліп, қалдықтар құлағанда ол жерге іс жүзінде кім бірінші жетенінен қарапайым мысалмен айтып берді. НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Сіздің мамандарыңыз құлап жатқан бөліктерге барғанша ауылдағы ағайын оның бәрін жинап, қораларға кіргізіп, екі-үш күн пайдаланып жүреді, білесіз бе? «Біз радиодан хабар жібереміз» дейсіз. Тыңдамайды оны. Қандай шара қолдануымыз керек? Алгоритмі бар ма?». Ауыл шаруалығы министрінен көргенін істеп, әлеуметтен бір кешірім сұрап алған Санжар Жәркешов утилизациялық жұмыстардың біржақты шешілгенін, және бұл іспен айналысатын адамдардың барын қоса айтты. Алайда оның бұл жауабына Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божкоға басын шайқады. «Біріншіден «гептилдің қалдығын жинайды» деудің қажеті жоқ деп бастады әңгімесін ол. ВЛАДИМИР БОЖКО, МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Гептил — атмосфераның тығыз қабаттарына кіру барысында жанып кетеді. Ең болмағанда қарапайым білімдеріңіз болсын. Сіздерде әрдайым сынама алатын зертхана бар. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер зымыран құлаған аймаққа барып, дайындықта тұрады. Бұл жаттығуларда ТЖК мен ІІМ әр кезде өткізіп отырады. Кезекші бөлімдер тіпті зымыран ұшқан ел аумағын бақылайды. Бұйрықтарды және өзара іс-қимыл жоспарларды оқу керек». Бұл мәселе талқыланып болғанда Мәжіліс төрағасы зымыран ұшырылатын аймақта арнайы посттардың болуы керек екенін ескертті. Дайындық алдын-ала жасалмаса бәрі бекер екені белгілі. Халықпен тығыз жұмыс істеп, түсіндірме жұмыстары жасалмай, радиациясы бар зыпыран қалдықтары елді мекен тұрғындарының қораларының төрінен түспейтін болады.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »