Новости на Newstaraz.

Рейтинг: Өзбекстан армиясы – Орталық Азиядағы ең қуатты армия (видео)

newstaraz.kz

Әлем бойынша армиясы ең мықты елдерді анықтайтын Globalfirepower.com сайтында биыл Өзбекстан 51- орынға көтерілген. Бұл өзбек елінің Орталық Азия бойынша ең мықты әскері бар дегенді көрсетеді.

Бүгінде Өзбекстанда Қарулы күштерінің контингенті 70 мың адамға жуық. Әскерінің Янгиабад, Баткен өңірлерінде содырлармен күрескен тәжірибесі бар.

2020 жылы Өзбекстанның әскери шығыны 1,4 млрд доллар болған. 2021 жылы ел президенті Шавкат Мирзияев тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Қарулы күштерімізді нығайта береміз деп мәлімдеген.

Өзбекстанның қарулы күштері совет заманында негізі қаланған Түркістан әскери округы негізінде құрылған. Совет одағы құлағаннан кейін СССР-дың 40-армиясына тиесілі болған әскери техника, қару-жарақтың бәрі Өзбекстан меншігінде қалды.

Алайда Ислам Каримов тұсында қарулы армия модернизацияланбады, тек қару-жарақ сатып алумен ғана шектелген.

Әскери-өндіріс кешенін модернизациялау тек билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін басталды. 2016 жылдың қараша айында Өзбекстан мен Ресей әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге, кейін 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламаға қол қойды. Өзбекстан әзірге әскери техникаларды Ресейден сатып алатын, бірақ Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартына мүше емес бір ғана ел болып қалып тұр.


Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »