Новости на Newstaraz.

Ресейде шахтадағы жарылыста жоғалған 26 кенші табылған жоқ

newstaraz.kz

Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Пучков 25 ақпан күні Қиыр Шығыстағы Северная шахтасындағы жарылыстан жер астында қалған 26 шахтерден хабар жоқ екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Пучков бұл мәлімдемесін 28 ақпан күні шахтерлерді іздеп шахтаға түскен алты құтқарушы да тағы бір жарылыстан қаза тапқаннан кейін жасады.

Пучков шахтаның қопарылған аумағында ауаның болмауына байланысты «жер астында қалған кеншілер тірі қалуы мүмкін емес» деп мәлімдеді.

Похожие статьи

Ол 25 ақпаннан бері шахтерлермен қандай да бір байланыс орнамағанын айтады. Құтқару операциясы шахтерлерді іздеген алты құтқарушы қаза тапқаннан кейін тоқтатылған.

Шахтада өндіріс жүргізетін компания өкілдері жарылыстардың метан газы жиналуы себепті болғанын айтады.

Бұл оқиғадан алты құтқарушы, алғашқы жарылыста қаза тапқан төрт шахтер және жер астында қалған 26 адамды қосқанда жиыны 36 адам қаза тапты. Жарылыстан денелерін күйік шалған тоғыз шахтер қауіпсіз жерге шығарылған.

Ресей билігі мен Коми Республикасы үкіметі 28 ақпанда үш күндік аза жариялады. Қаза тапқан алты құтқарушы мемлекеттік медальдармен марапатталады.

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »