Новости на Newstaraz.

Роталық тактикалық топпен сабақ

newstaraz.kz

«Дарбаза» полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабағы өтті. Оған Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері қатысты.

Жеке құраммен байланысты ұйымдастыру, бүркемелеу, жаппай жою қаруынан қорғану, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, жауынгерлік және жорықтық қорғау, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша оқу орындарында сабақтар өткізілді.

Оқу орындарындағы сабақтан кейін жеке құрам үшін роталық тактикалық топтың штаттық және берілген атыс құралдарының барлық түрлерінен нақты ату жаттығуларын іс-жүзінде орындау және жауынгерлік міндеттерін көрнекі орындалды.

Сабақ жоспарына сәйкес бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, «Дарбаза» полигонына шеру жасады. Онда әскери қызметшілер колонналарды алып жүру, қарсыластың диверсиялық топтарымен күрес, оның ішінде елді мекендерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу бойынша эпизодтарды пысықтады.

— Нұсқаулық-әдістемелік сабақ командирлер мен олардың жеке құрамы барынша практикалық тәжірибе алатындай етіп өткізіледі. Рота командирі тез өзгеретін ұрыс жағдайында сенімді жүріп қана қоймай, сонымен қатар оларды дұрыс басқара отырып, негізгі және берілген күштер мен құралдарды уақытылы пайдалануы керек, — деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Ринат Калидолдин.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »