Рустам Иноятов Өзбекстан президентінің кеңесшісі болды
Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.
Рустам Иноятов Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93 бабы, 24 тармағына сәйкес, Өзбекстан Республикасы президентінің 2018 жылдың 31 қаңтарындағы №УП-5317 жарлығына сәйкес, Рустам Расулұлы Иноятов Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымынан босатылып, Өзбекстан Республикасы Президентінің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Өзбекстан басшысының жарлығында.
Осыған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.