Новости на Newstaraz.

Сәкен Майғазиев руға бөлінген асабаны орнына қалай қойғанын айтты

newstaraz.kz

Сәкен Майғазиев сұхбатында өзін алаңдататын қоғамдық мәселелер туралы айтты.

Әнші Сәкен Майғазиев журналист Асхат Садырбайдың «Үлкендердің әңгімесі» атты интернет жобасына сұхбат берді, деп жазады Today.kz.

Сәкен Майғазиев сұхбатында өзін алаңдататын қоғамдық мәселелер туралы айтты. Сондай-ақ қазақтың руға бөлінетінін жек көретінін жасырмады.

«Сексеннің сеңгіріне шыққан апалар, аталар жүз-жүзге, ру-руға бөлінгенде, жастарға не жорық дейміз? Мыналар сөйтіп жүрген кезде басқаға не жоқ дейсің. Бір елді мекенге бардық. Үлкен қалада болып жатқан тойда асаба жігіт қоймастан «Пәленбай деген ру бар ма, қане, көтеріліңдерші» деп отқа май құйып жатыр. Әсіресе руға бөлінгенді жек көретін адаммын.

Похожие статьи

Қай қазақтың атасы сорлы болды? Қайсысы сорлылығынан тамырын таратып отыр? Бәрі батыр, текті болғандықтан тарап отырған жоқпыз ба? Сосын «ана асабаны шақыршы» дедім. Тілегін беріп болғанда, жағасына жармастым. «Тепсең темір үзетін зіңгіттей жігітсің, отқа май құйып, екі руды бір-бірімен таластырып отырғаның не?» дедім.

Сөйтіп тұрған кезімізде тілек айтуға жасы жетпіске таяп қалған апамыз шықты. Шықты да, айтқан руды «сен бәленше, бәленбай ру деп отырсың ғой, сол руыңды бір жеріңе бірдеңе қылып қой» деп анық айтты. Жетпістегі апаның тойда айтқан сөзін көрсеңіз. «Айтып жатқан руың біздің рудың тырнағына да татымайды» деді. Міне, басталды.

«Енді осы ру, жүз туралы бірдеңе айтатын болсаң, жағыңды айналдырам» дедім. Зіңгіттей, менен екі есе үлкен жігіт. Өзі де біліп көріп отырған шығар. Сол жігітке айттым. Қасымда Мейрамбек бар, Ерлан бар, жігіттердің бәрі көріп тұр. Өзіме сыймай кеттім.

«Сен қандай оңбағансың! Мына жерде қазақ пен қазақ бас қосты деп қуаныштарына ортақтасайын деп келіп отыр ғой Мұзарт» дедім. «Өзімнің руым сондай болғасын айтып жатқаным ғой» дейді. «Енді осы ру туралы аузыңнан сөз шығатын болса, жақсылық күтпе менен» дедім. Екеуміз біраз жерге дейін барысып қалдық. Кейін әлгі жігіт қайтып айналып келіп: «Сәке, кешіріңіз» деп кешірім сұрады», – деді Сәкен Майғазиев.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »