Новости на Newstaraz.

САЙЛАУДАН ТӨНГЕН ҚАУІП

newstaraz.kz

Мұхиттың арғы жағындағы саяси оқиға келесі жылы бізге зиянын тигізуі мүмкін. Бізге дегенім тек еліміз емес, бүкіл құрлықты айтып отырмын. Бұл сөз елордаға жеткен шетелдік сарапшылардың аузынан шықты. Кешелі бері Назарбаев орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының кезекті отырысы өткен еді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Армысыз, көрермен. Мақсат, сауалыңа келсем, келер жылы АҚШ-та президент сайлауы өтеді екен. Дәл осы науқан 2020-да Еуразия құрлығына үлкен әсер етеді дейді сарапшылар. Американың қазіргі президенті Трамп келесі сайлау науқанына дайындықты бастап кеткен. Ал елдегі кейбір саяси күштер оған импичмент жариялауды қолға алып жатыр. Былай қарағанда, қашықтағы елдің ішкі оқиғасы. Алайда, Қытаймен екі арадағы сауда қақтығысы, Ресеймен өзара қабақ шытуы Еуразиядағы саяси жағдайға тікелей әсер етпек». ЛИ ВЭЙ, ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ДАМУДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Сауда қақтығысын АҚШ тарапы бастаған. Қытай оның тез арада тоқтауына мүдделі. Екі арада келісім жасалып, таяуда қол қойылады деп жоспарланған. Оған ештеңе кедергі келтірмесе екен деген тілегіміз бар». Астана клубы белді саясаттанушылардың бас қосатын алаңы. Осы жолы бесінші отырысы өтті. Биыл оған 9 бұрынғы мемлекет басшысы мен премьер-министр, бірнеше министр келген. ДАНИЛО ТЮРК, СЛОВЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ: » Сарапшылардың бас қосып, күрделі мәселелерді талқылайтын алаңдары өте аз. Өкінішті. Өзім үшін мұндай шаралар өте қызық. Астанаға осымен үшінші рет келіп отырмын». «Архитектура» сөзі бүгінгі жиында жиі естілді. Алдымен отырыс өткен Назарбаев орталығының сәулеті жайлы сөз қозғауға тура келді. Дәл жиын үстінде шыны шатырға жиылған қар сырғып, залды бір серпілтті. “Это специально так построена по проекту Нормана Фостера чтобы стекло грелось и снег уходил. Это нормально, спасибо». Архитектура мағынасы жағынан тек құрылысқа қатысты айтылмайды. Мемлекеттер арасындағы бейбітшілікті орнату да өзінше бір сәулет өнері іспеттес. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Түркияны татуластырған секілді Ресей мен Украинаны жақындастыру жолында тер төгіп жүр екен. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ: «Мен Зеленский мырзамен кездестім. Путинмен де сөйлескенмін. Қақтығысты ешкім қаламайды. Өзге мемлекеттердің керегі жоқ. Ресей мен Украин басшылары кездесуі қажет. Зеленский өз келісімін берді, енді Путин не дейтінін күту қалды». Мемлекеттерді қойып, одақаралық байланысты дамыту қажеттілігі де сөз болды. Бір құрлықтың жік-жікке бөлінуі жақсылыққа жетелейтін жол емес деді Елбасы. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ: «Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында диалог болмауы адам төзгісіз жағдай. Бұл екі ұйым тарихи болсын, геграфиялық жағынан болсын тығыз байланыста. Саяси қайшылықты желеу етіп, араны суытуға болмайды. Екі одақ бір-бірін толықтыра алады». Астана клубының сарапшылары АҚШ-тағы сайлаудан басқа жаппай милитаризацияның қаупін де атап өтті. Биыл жақын және орта қашықтағы ракеталарды жою туралы келісім өз күшін тоқтатқан. Яғни қоймадағы қарумен жарыс басталады деген сөз. Ол өз кезегінде жаһандағы лаңкестік қауіптің күшеюіне әкеп соғады дейді сарапшылар. Шарадағы көзіміз шалған мәселелер осы болды. Мақсат, сөз кезегі өзіңде».

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »