Новости на Newstaraz.

Сауда министрі қант тапшылығын Ресейге салынған санкциямен байланыстырады

newstaraz.kz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант тапшылығын мойындады.

Ол өзінің блогына жазған мәлімдемеде, қант тапшылығын Ресейге салынған санкциямен байланыстырды.

«2022 жылдың 15 сәуіріндегі Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК)шешімімен Қазақстанға 31 тамызға дейін 350 тоннаға дейін қант жеткізуге мүмкіндік берілген», — деп мәлімдеді Сұлтанов.

Кейін аталған министрліктің сауда комитеті елде қант тапшылығы жоқ екенін, үш бірдей қант зауыты жұмыс істеп тұрғанын, қорда 60 мың тонна қант бар екенін мәлімдеді.

Қазақстанда 23 мамырдан бастап қант экспортына тыйым салынған.

Жергілікті басылымдар негізінен Ресейден қант жеткізетін аймақтарда шекер тапшы екенін айтады. Мәселен Батыс Қазақстан облысында бір адамға екі келіден аспайтын қант сатып жатыр. Қанттың Ақтауда да тапшы екені айтылып жатыр.

Бірер күн бұрын ауыл шаруашылығы министрлігі темір жол көлігі арқылы аймақтарға 152 вагон қант жеткізіліп жатқанын мәлімдеген.

Батыс елдері Ресейдің Украинаға агрессиясына байланысты санкция салған. Соның салдарынан Ресей қант экспортына тыйым салған. Ресей қанты Қазақстанға да экспортталатын.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »