Новости на Newstaraz.

Саясаттанушы Расул Жұмалы тойда пакет тасып, сарқыт жинайтын еркектерді сынға алды

newstaraz.kz
Фото qazaquni.kz

Похожие статьи

Елге белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы соңғы кезде жиі белең алып бара жатқан еркектердің ерсілігін жұртқа жария етіп, елдің пікірін сұрады, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұрындары той мен ас кезінде сарқытты әйел адамдар жинаушы еді. Қазір байқайтыным — кей еркектер де осыны дағдыға айналдырған. Ерсілеу көрінеді екен. Бұл ненің белгісі? Әлде өзім өмірден кеш қалғаным ба?» деп жазды автор желі парақшасында. Расул Жұмалының бұл сауалы көпшіліктің «қышыған жерінен» дөп түскен секілді. Жазбаны оқығандар жарыса өз пікірлерін жазып, көбі тойларда пакет тасып жүретін еркектердің әрекетін ұятқа теңеді. «Намысы биік қазағымның азаматтары-ау! Неге сонша ұсақталып кеткен?! Ұят қой бұл!.. Ерге сын ғой!.. Еркек басымен аштан келгендей пакетке сарқыт тасыған деген не сұмдық?! Біз қайда барамыз? Не көрінді еркектерге?», «Жалпы ұят қана емес, масқара дүние. Еркек адамның жалмаң қағып пакет көтеріп жүргені несі жақсы дейсіз?» деп ашуға булықты желідегіер. Дегенмен пікір қалдырушылар арасында тойдан сарқыт алуды қолдайтындар да табылды. Себебі ысырап болып қалып кеткенше, қуанышты кешке келе алмағандардың дастарханнан дәм татуында тұрған ештеңе жоқ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »