Новости на Newstaraz.

Сегіз қырлы бір сырлы президенттің «Желтоқсан желі» әнін ұрлап алғаны рас па? (видео)

newstaraz.kz

Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: oxu.az

Әнші, композитор, барабанда, ұлттық аспаптарда және гитарада ойнайтын Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың «Алға, алға, тек қана алға! Туған жерім Түркіменстан» атты су жаңа әні жарыққа шықты. Отандық сайттың бірі түркімен басшысының әнінен плагиатты байқап қойған.

Президенттің бұл әні өткенде ғана Ашхабатта өткен Азиада ойындарының гимні болды. Жалпы, ән тыңдарман қауымға 2015 жылдың қараша айында алғаш рет ұсынылған еді. Түркіменстанның Мары шаһарында өткен думанды кеште Түркіменбасы сахнада әнді өзі орындап, оны стадионға жиылған жұрт ду қол соғып қошеметтеген еді. Бұл салтанатты сәттің бейне жазбасы әлеуметтік желіде бар.

«Ән жазса жазған шығар. Онда тұрған не бар» дерсіз. Міне, гәп осында жатыр. Түркіменбасының әнге деген әсіре әуестігі оның әндеріндегі плагиатты әшкереледі», — деп жазады abai.kz сайты.

Автордың жазуынша, түркімен басшысының су жаңа әні қазақ сазгері Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» дейтін композициясымен егіз қозының сыңарындай сәйкесіп тұр.

«Иә, әнді жүз пайыз көшіріп алған жоқ. Әуенді әрлеу, тағысын тағы, процедуралардан бөлек те, екі композитордың шығармасы бір-бірінен айнымай тұр. Бұны шығармашылық ұрлыққа жатқызатын болсақ, кім-кімнен ұрлады деген сұраққа келіп тірелеміз. Тінәлиевтің әні жарыққа шыққалы ширек ғасырдан асты.

Ол қазір қазақ әндерінің алтын қорына қосылып та үлгерді. Түркіменбасы болса, өз әнін 2015 жылдың қаршасында ғана жариялап отыр. Гурбангулы мырзаның әнінің қайырмасы қазақтың  мұңын, қайғысын арқалаған «Желтоқсан желі» әнінің айна қатесіз әрленген формасы», — деп жазады автор.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »