Новости на Newstaraz.

Семейде суға кеткен баланың мүрдесін құтқарушылардан бұрын туыстары тапқан

newstaraz.kz

Фото: 24.kz

Семейде суға батып кеткен 10 жастағы Данил Прохоровтың туыстары жергілікті құтқарушыларға наразы. Айтуларынша, мамандар барлығын өздері атқарғандай ғаламторға ақпарат таратқан көрінеді. Оны көрген туыстары барлығын жоққа шығарып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Балаyың ағасы Сергей Прохоров жергілікті құтқарушыларға қатты ашулы. Сөзіне сенсек, үш күнен бері Ертіс өзенін сүзген мамандар түк бітіре алмаған сыңайлы.

«Басында бізді жақындатпай қойды. Келді, қолдарында күрек пен мұз ойғыш қана. Әрбір жерден тесік жасады да қойды. Оларға бензоараны да өзіміз әпердік. Тіпті оған құятын жанармайды сатып ала алмады. Бауырымды табу үшін қалтамыздан қаражат шығардық. Бұл тұрғыда бізге еріктілер көмек берді. Сол сәтте жалғыз қалмағанымызды сезіндік», — дейді Сергей.

Ақыры мамандардан қайыр болмаған соң, туыстары мен еріктілер баланың денесін ерекше әдіс пен іздеуді шешіпті. Ол үшін судың астын түсіретін бейнекамера мен қой сатып алуға тура келген.

Похожие статьи

«Кешқұрым қойдың тушасына баланың киімдерін кидірдік. Мойнына бейнекамера орнаттық. Ауыр заттар байладық та, суға жібердік. Сыртынан құрылғы арқылы бақылап тұрдық. Ол, кезде қасымызда полиция жүрді. Ал, құтқарушылар жоқ болатын.

Бас-аяғы бір сағаттың ішінде қой бауырымның жансыз денесі тұрған жерге барды. Бұл, оқиға болған аумақтан шамамен 1 шақырым жер. Иірімге иіріліп қалған екен. Мұзға тіреліп тұрғандықтан көрінбеген. Сол жерді ойдық. Сөйтіп, қойды да, інімнің мүрдесін де алып шықтық. Енді құтқарушылар өздері тапқандай болып отыр», — дейді марқұмның ағасы.

Ал, қайғылы оқиға жексенбі күні орын алған. Қапыда бауырынан айырылып қалған ағасы оқиғаның нақты қалай болғанын айта алмай отыр.

«Ол бұл жаққа келмейтін. Қауіпті жер екенін ылғи үйде айтып отыратынбыз. Ақыры қалай кетіп қалғанын аңғармадық. Қасында болған екі баламен әлі тілдескен жоқпыз. Амал қанша? Ертең жер қойнына табыстаймыз»,- дейді ол.

Айта кетейік, өткен жексенбі күні Ертіс өзенінің бетіндегі мұз жарылып, 4-ші сынып оқушысы батып кеткен болатын. Бірнеше күн суды сүзген құтқарушылардың жұмысы нәтиже бермеген. Олар, өзен бетіндегі мұз жұқарғандықтан 20- ға жуық еріктіні суға жолатпай тастапты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »