Новости на Newstaraz.

Семейлік жезөкше бір түнде оннан аса еркекті қабылдайтынын айтып мақтанды

newstaraz.kz

Иллюстрациялық фото: Viewy

Жезөкшелердің арасында Жасмин Қырдар деген лақап атпен танымал семейлік ару қалай жеңіл жүріске салынғанын баяндап, өзге қыздарды от баспауға шақырды. Бұл туралы ол NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Айта кетейік, бойжеткеннің есімі қазақ бұқарасына түрік сериалы арқылы етене таныс. Өкінішке орай, сондағы жеңіл жүрісті Ясминнің тағдырын қыздарымыз әлі ұмытпаған екен. Сондықтан кейіпкеріміз де өзіне осы бір атты лайық деп тапқан.

«Ясмин екеуміз тағдырласпыз. Ол кинода көп қорлық көреді. Кейін бай жігіттердің ашынасына айналып шығады. Осылайша пайдаға кенелетіні белгілі. Мен бұл түрік сериалын небары 15 жасымда көрдім. Әрине оның өмірін өзіме серік етіп аламын деген ойым болған жоқ. Бәрі құрбыларымның сатқындығынан басталды. Бала күннен бірге өсіп, бір жапырақ нанды бөліп жеген қыздар тәнімді саудалауға итермеледі», — дейді Жасмин.

Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткенді құрбылары көрші ауылдың  жігіттеріне «сыйлап» жіберген. Олар құрбысын үйінен алдап шығарып, би кешінде жалғыз өзін жеті жігіттің ортасында қалдырған.

Похожие статьи

Жігіттер Жасминге түнімен ойларына келгенін жасап зорлық көрсетіпті. Тіпті, өзінен төрт жас үлкен азаматтар арыз жазса тірі қалдырмайтынын айтып қорқытқан.

«Әкем қайтыс болды. Шешем үш баламен жалғыз қалды. Мен үйдің үлкенімін. Анам арыңа дақ түсірме дегенді үнемі айтып отыратын. Анама жігіттерден көрген қорлығымды айтуға дәтім бармады. Олар мені басынды. Тіпті, жігіттердің арасында әңгіме жүрсе керек, сыныптағы бозбалалардың бәрі төсекке сүйрейтінді шығарды. Бұл қылығыңды бүкіл елге жаямыз деп қорқытатын. Анамды масқара қылмау үшін айтқандарына көніп жүре бердім. Әттең, арама түсетін бір ағам болмады ғой. Інім де өзімнен жеті жас кішкентай. Үйдегілер әлі күнге дейін немен айналысатынымды білмейді. Оларға  қонақүйде аспаз болып жұмыс істеймін деп айтқанмын», — дейді Жасмин.

Қазір Жасминнің бір күнгі табысы 30-40 мың теңге. Сондықтан арудың ел қатарлы жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Өйткені оның тұрақты клиенттері де бар. Ең сорақысы, олардың басым бөлігі отбасылы азаматтар екен.

«Маған келетін еркектердің көбісі үйленген жігіттер. Отбасылы азаматтар әйелдері қалауын бере алмаған соң маған келетінін айтады. Олар қолдарына ақша түссе тек мені іздейді. Тұрақты клиенттерім 35-40 жастағы азаматтар. Бір сағаттық төсек қатынасына 5- 6 мың теңге береді. Кейде 55 жастан асқан шалдармен де кездесемін. Мысалы, жасы алпыстан асқан бір қария бар. Ол зейнетақысын алған сайын мені шақырып тұрады. Жас иісті сағынамын деп қырындайды», — деген Жасмин Қырдар әңгімесін аяқтады.

Жасминнің айтуынша, ол бір түнге он шақты еркекті қабылдай алады екен. Бүгінде өзінің осы жолда жүргеніне 12 жыл толған. Ол ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұратынын да жасырған жоқ.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »