Новости на Newstaraz.

Үш балалы актерге тұрмысқа шықпақ болған Ақбота құрбыларымен араласпай кеткен

newstaraz.kz

Акбота Нур и Данияр Айдарбкеков. Фото: instagram.com

«Кешьюден» кеткелі Ақботаның жағдайын жұрт Баян Мақсатқызынан емес, Дәуреннен сұрайтын болды. Көрермен көзінен тасада қалған әнші қыздың қазіргі хәлін Айдарқұлов айтпағанда, кім айтады деп хабарлады НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасы.

Дәурен мен Ақбота. Фото: Instagram

Жақында ғана жас жұбайлар некелесіп, мына бір суретімен желіні дүр сілкіндірді. Осындай даудан дейін, Дәурен Ақботаның амандығы жайлы әлеуметке азды-кем ақпарат таратпасқа амалы қалмағандай..

«Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар?», — деді Дәурен Айдарқұлов журналистердің сұрағына.

Ал ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақботаның тойы қашан?

Похожие статьи

«Той деп әлі ешкім айтқан жоқ маған. Бота ондай ақпарат таратқан жоқ. Той болады, осы күні келіңдер деп… Дәуренмен сол бір көрген кезде ғана амандасып қаламын. Ал енді былай ол кісінің номері де жоқ», — дейді «Кешьюдің» бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали.

Ақбота «Кешью» тобындағы бұрынғы әріптестеріне де той туралы тіс жармаған.  Бейресми дерек бойынша,  Ақбота мамырдың мамыражай күндерінде ана атанады екен.

Ақбота Сейтмағамбет. Фото әлеуметтік желіден алынды

«Әрине, біз 2 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін жағдай сұрасып тұрамыз. Былай кездесуге уақытым аз. Сондықтан мен оның жағдайын, денсаулығын ватсап арқылы сұрап тұрамын», — дейді Балжан Бидаш.

«Бір жарым айдай сөйлеспей кеттік. Содан телефон номерін ауыстырып, хабарсыз кетті. Сосын мен өзім іздеп тауып алып, нөмерін алып, хал жағдайын сұрап, сол бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз», — деді Жұлдыз Өмірғали.

Ал Бағым ханым Ақботаны жарты жыл бойы көрмеген. Тіпті, шәкіртінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары жайлы да білгісі келмейді.

«Ақбота «Кешьюден» кетерде менімен қоштасып, сау айтуға да шамасы келмеді. Сондықтан, оның қал-жағдайын білуге құштар емеспін. Мүмкін жастығы болар. Біздің топтағы ән салған қыздар әр түрлі жағдаймен ұжымдағы жұмысын тоқтатып жатады, менің оған етім үйреніп кеткен», — деді музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова.

Ал Дәурен жеке өмірінен гөрі, шығармашылығына қызыққандардың саны артсын деді ме, құпияның ақиқатын ашпады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »