Новости на Newstaraz.

ШҚО-да 30 градус аязда жолда қалған адам құтқарылды

newstaraz.kz

Апаттық белгісі қосылған автокөлікке жақындаған құқық қорғаушылар қатты тоңып қалған 35-38 жас шамасындағы жас жігітті байқап қалған.

Өскемен-Риддер бағытында көлігі бұзылып, қатты тоңып қалған ер адамды тәртіп сақшылары құтқарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолда автокөлігі сынып, тоңып қалған жолаушыға көмектесіп, жүргізушінің көлігін облыс орталығына дейін жеткізіп берген. «ШҚО ІІД ЖПҚ арнайы батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Алмас Игембаев пен полиция кіші лейтенант Заңғар Шаймарданов Өскемен-Риддер бағытында келе жатып, сынып қалған автокөлікті байқап қалған. Апаттық белгісі қосылған автокөлікке жақындаған құқық қорғаушылар қатты тоңып қалған 35-38 жас шамасындағы жас жігітті байқап қалған.

Похожие статьи

Ол күні Шығыс Қазақстанда ауа температурасы минус 30 градусқа дейін түсіп кеткен болатын», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен Айгерім Нұрғазина. Полиция қызметкерлері ер адамды қызметтік көлікке отырғызып, қатты суықтан есін жиған ол жағдайдың қалай болғанын айтып берген. Анықталғанындай, ер адам өзінің отбасымен Белоусовка ауылынан келе жатқан. Алайда облыс орталығына аз ғана жол қалған уақытта автокөлік сынып қалып, ер адам көлікті өздігімен жөндеуге шамасы келмей қалыпты.

«Баласы мен зайыбын жолда кетіп бара жатқан көлікке отырғызып жіберген ол эвакуатор қызметіне бірнеше мәрте қоңырау шалғанымен, оны алып кететін бос көлік табылмай қалса керек. Бұдан кейін тәртіп сақшылары эвакуатор қызметін шақыруға көмектесті. Суықтан аздап есін жиған ер адам өз көлігінің кабинасына отырып алып, жолын жалғастырды», — делінген хабарла
мада.
Тәртіп сақшыларының бірі Алмас Игембаев мұндай жағдай жиі болып тұратынын айтады. Мәселен, 2016 жылы Глубокое ауданында патрульдік қызметін атқарып жүріп, олар Секисовка ауылына жақын маңда жол шетіне шығып қалған фураның жүргізушілеріне көмектескен екен.

«Біз ол кезде жақын ауылдан техника алып келіп, ауыр жүк көлігін жол бойына алып шықтық. Жүргізушіге тамақ пен сусын алып бердік. Осыдан кейін жүргізушілер жолын ары қарай жалғастырды», — дейді ол.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »