Новости на Newstaraz.

ШҚО-да екі адамды айуандықпен өлтіріп, талдардың арасына лақтырып кеткен

newstaraz.kz

ШҚО-да екі адамды айуандықпен өлтіріп, жанармай құю бекетінің жанындағы талдардың арасына тастап кеткен. Мәйіттерді дәретханаға бара жатқанда әйел кездейсоқ тауып алады. Бұл туралы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот материалдарынан белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әйел күйеуімен бірге облыс орталығынан Шемонайха ауданына қайтып келе жатады. Көлік жанармай құю бекетіне тоқтаған кезде әйел жанармай құю бекетінің жанындағы қалың шөптің арасынан екі ер адамның денесін байқап қалған.

Ол шошып кетіп, болған жағдайды күйеуіне айтады. Күйеуі жанармай құю бекетінің күзетшілерінен полиция шақыруын сұраған.

Похожие статьи

Полияция қызметкерлері екі ер адам кісі қолынан қаза тапқанын анықтады. Олар көп ұзамай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Өскемен қаласының екі жұмыссыз тұрғынын ұстайды. Оқиға былай болған:

Жанармай құю бекетінің маңайында бір топ адам ішімдік ішкен. Араларында біреуі арақты жасырмақ болғанда жанжал басталады. Ол «мұны сендерге алған жоқпын» дейді. Оған 28 жастағы «досы» ашуланып, бөтелкемен басынан бір қойып, бірнеше рет соққы жасайды.

Сарапшылар бірінші мәйіттің денесіне 19 жерден жарақат салынғанын анықтады. Куәгердің бірі ашулы жігітті тоқтатпақ болғанда жігіт оған да тарпа бас салып, бөтелкенің сынығымен кескілеп тастайды. 26 жастағы қаскүнемнің досы да көмекке келіп, зардап шегушіні бізбен ұрғылай бастаған. Қайтыс болған екінші ер адам 82 жерден жарақат алған.

Қанішерлер оқиға орнынан қашып кетеді. Көп ұзамай полиция оларды ұстайды. Сот оларды 16 және 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »