Новости на Newstaraz.

Шаханов: Нұрсұлтан Назарбаев үлкен азаматтық танытып, қаржы тауып берді

newstaraz.kz

Мұхтар Шаханов. Фото: Егемен Қазақстан

Еліміздегі даулы мәселелерде төбе көрсетіп отыратын қоғам қайраткері, белгілі ақын Мұхтар Шахановтың Егемен Қазақстан басылымына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

— Кезінде аралас-құралас болған Шыңғыс Айтматов, Мұстай Кәрім, Расул Ғамзатов, Давид Кугульдинов, Қайсын Кулиев секілді өз дәуірінің аса ірі тұлғалары сіздің есіңізде қандай қасиеттерімен қалды?

— Бұлар кешегі Кеңес әдебиетінің кемеңгерлері еді ғой… Өздерін «біз бір қолдың бес саласындаймыз» деп дәріптейтін. Осынау замана заңғарларының бәріне іні болдым. Барлығы елдік-ұлттық мүдде күресінде мені қолдап-қорғап, қанаттандырды. Сайдың тасындай саңлақ ағаларыммен Эверестің шыңындай еңселі сана биігінде табыстым.

Кейін Шыңғыс Айтматовпен бірге жүріп, біте қайнасып кеттім. Шықаңның менен бір мүшелден артық үлкендігі болатын. Соған қарамастан тең құрбыдай сырласып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құратынбыз. Алыптан айырылғалы өзімді жапанда жалғыз қалғандай сезініп жүрмін.

— Ұлық мерекеміз Наурыз қазақ даласына араға ұзақ жылдар салып, қайта оралуына тікелей мұрындық болғаныңызды білеміз. Ендеше, осы оқиғаны тағы бір рет еске түсіріп көрсек...

—  1988 жылы Ұлыс мейрамын мемлекеттік дәрежеде тойлау мәселесімен сол кездегі Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Генадий Колбинге кірдім. Ол мені мұқият тыңдады. Бұл мәселені бюрода қарамай шеше алмайтынын жеткізді. Содан талқылау барысында бюро мүшелерінің екеуі ғана мені қолдапты. Олардың бірі – сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков екен.

Ұсынысым өтпей қалған соң бірінші хатшының қабылдауына қайта бардым. Ары-бері ырғасып, ақыры оны көндірдім. Осы арада Колбин ақшаның жоқтығын алға тартып тағы қисайды. Міне, осы сәтте Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен азаматтық танытып, үкімет бюджетінен қағыстырып, қаржы тауып берді. Соның арқасында Алматыдағы Горький атындағы саябақта толағай той болды. Артынша бүкіл еліміз төл мерекесімен табысты.

— Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беру барысында да белгілі бір кедергілердің кездескені рас. Осынау іргелі іске қатысты адам ретінде не айтасыз?

— Ол кезде Жоғарғы Кеңестің депутаты едім. Аталмыш мәселе алғаш талқыланғанда қазақ және орыс тілінің екеуіне бірдей мемлекеттік статус беру жөніндегі ұсыныс өтіп кетті. Өкініштен өзегім өртеніп, мінбеге қайта шығуыма тура келді. Депутаттар дуылдап мені сөйлеткілері келмеді.

Тығырыққа тірелген осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев тағы көмекке келді. Менің ұсынысымды қайтадан сарапқа салуды талап етті. Дауысқа салғанда өзі бірінші болып қолын көтерді. Содан кейін-ақ таразының басы жақсылық жағына қарай ауып жүре берді. Осылайша, бабадан мирас бай тіліміздің бағы жанған еді.

Похожие статьи

— Сіздің досыңыз Евгений Евтушенко, «В Россий поэт – больше чем поэт» деп жазған еді. Қазақстанда қалай? Біздің ақын-жазушыларымыз халық пен қоғам алдындағы борыштарын қаншалықты адал атқарып жүр?

— Қазіргі таңда адамдардың әсіресе, зиялы қауым өкілдерінің сөзі мен ісінің арасы тым алшақтап кетті. Енді мені тыңдаңыз:

Кім шындығын жоғалтып алса,

Ақты ақ, қараны қара деп айтудан қалса,

Сөзі басқа, ісі басқа болса,

Елдік, ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса,

Пенделігі тек өзін емес, қоғамын да алдаса,

Ондай ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де,

Мазмұны, даңқы далбаса!

— Бақыт ұғымын қалай түсінесіз?

— Ең үлкен бақыт – еліңе қызмет ету.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »