Новости на Newstaraz.

Шығыс Қазақстандағы өрт: күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін (видео)

newstaraz.kz

Билік Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмектесуге уәде берді. Шамамен 300 гектар жерді шарпыған өртті сөндіруге 70-ке тарта техника, 500-ге жуық қызметкер, екі тікұшақ жұмылдырылған.

11 мамыр таңертең Лесхоз ауылындағы өрт толық сөндірілген. Төтенше жағдай департаменті сейсенбі күні күндіз орманның жекелеген аумағындағы өрт сөндіріліп жатыр деп мәлімдеді. Өрттен зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде құжатынан айырылған тұрғындардың құжаттары кезектен тыс ретте жөнделеді деп мәлімдеді. Департаменттің айтуынша, мұндай азаматтар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына жолығуы тиіс.

Риддер маңында орман өртеніп, бір адам қаза тапты. Зардап шеккендер бар

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram желісінде үйі өртенген азаматтарға баспана берілетінін хабарлаған. Өрт кезінде 37 үй өртенген.

«Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін (10 мамыр) кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім. Таңертең құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлерді бағалап шығамыз. Егер кімде-кім көпқабатты тұрғын үйден бас тартса және ескісін жөндеуді талап етсе, біз оны жөндейміз» деп жазды Ахметов.

Оның айтуынша, дегенмен баспана мәселесі толық шешілуі үшін 2,5 ай уақыт керек.

Өрттің салдарынан 83 адам баспанасыз қалған. Қазір үйі өртенгендер жергілікті жатақханаларға орналастырылған, көбі туыстарының үйін сағалаған. Облыс әкімі өрт себебі бір екі күн ішінде анықталатынын айтты.

Бұған дейін өрттен 1948 жылы туған әйелдің қаза болғаны хабарланған. 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам ауруханаға жеткізілген. Биліктің айтуынша, олардың жағдайы ауыр.

Өртке байланысты бір күдікті ұсталған. Ол сол маңда алау жаққан деген болжам айтылады. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 204 бап 2-бөлігі бойынша («Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру») қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 2 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Риддер қаласында қураған ағаштардың жанып жатқаны туралы ақпарат 10 мамыр 13:30 шамасында төтенше жағдай қызметіне келіп түскен. Күндізгі төртке таман Лесхоз кентіндегі тұрғын үйлердің жанып жатқаны белгілі болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »