Новости на Newstaraz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандарды даярлау аяқталды.

newstaraz.kz

Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің 2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша даярлықтар өткізілді.

Ол жауынгерлік даярлық аптасынан кейін басталады. Негізгі мақсат – әскери қызметшілердің жеке құрамының функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеуі, атуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс істеуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.

Сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіледі. Әскери қызметшілер оқу топтарының құрамында жұмыс істейді. Оқытуды халықаралық сайыс пен оқу-жаттығулардың қатысушылары мен жүлдегерлері болып табылатын тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар жүргізеді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Асан Жүсіпов атап өткендей бүнгі таңда дайындықтан шамамен 7000 әскери қызметші өтуде. Оларға 500 оқу тобы мен 1100-ден аса тәжірибелі нұсқаушы-сержант тағайындалған болатын, соныме қоса оқу-материалдық база, әскери техника мен оқ дәрілер бөлінді.

Ай бойы 1000 аса жауынгерлік атыс, оның ішінде 500 –ге жуық атыстар түнгі жағжайда орындалды. Механиктермен және механик – жүргізушілермен жүргізу бойынша шамамен 500 сабақ өткізілді, оның 200 жуығы түнде орындалды. Жалпы алғанда әрбір жүргізуші ұрыс машинасынан 15 шақырымнан астам қашықтықты жүріп шыққан.

Еліміздің Қарулы Күштерінде тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі тиіс. Ол мейлі снайпер, ұшқыш немесе танкист болсын. Сондықтан әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының жеке түрі ретінде арнайы дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »