Новости на Newstaraz.

Шымкент тұрғыны тәуіпке қаралу үшін кредит алғанына өкініп қалды

newstaraz.kz

«Шаншардың» «Тәуіп» қойылымы. Скриншот Youtube арнасынан

Республикалық Замана газетіне тәуіптерге алданып, шығынға батқан тұрғын хабарласты. Ол бұл оқиғаның көпшілікке сабақ болып, өз қателігін басқалардың қайталамағанын қалайды.

«Менің көптен бері жолым болмай, оның үстіне денсаулығым нашарлап мазам кетіп жүр еді .Дәрігерге көрінуін көріндім, бірақ одан нәтиже болмады. Сосын емші-тәуіптерге емделіп көрейін деген ой келген. Ал ондайлар кейінгі кезде тіпті көбейіп кетті ғой.

Шымкенттің орталығында тұратын бір емшіні жұрт керемет екен деп мақтағасын соған барғанмын. Өзі орысша сөйлегенімен оның ұлты орыс емес-ау, бірақ әйтеуір еуропалық ұлт өкіліне ұқсайды. Жарнамасын келістірген бе, алдынан адам үзілмейтін сияқты. Осынша адам бекер жүрмеген болар деп оған іштей сенім артқанмын.

Адам бірдеңеге иланғасын соның көмегі тиетін сияқты болып тұрады ғой. Әлгі емші маған бойыңды зиянкес жайлаған, содан құтылуың керек деп айтты. Ондай нәрсе бар болса, бар шығар деп мен оған сендім. Өйткені тірлігім өнбей, әбден мазам кеткен еді. Екі шикі жұмыртқа алдырып, бойыма сипалап, жарып көрсеткенде ішінен құрт шыққанын өз көзіммен көргесін тіпті де есім шықты. Қазір ойлап отырсам, ол адамның көз алдайтыны, қандай да бір сиқыры бар сияқты.

Похожие статьи

Әлгі емші мені бір апта «оқығасын» 189 мың теңге әкелуім керектігін айтты. Ал менде ондай ақша жоқ еді. «Қалайда табуың керек. Тиісті ем жасаймыз. Әйтпесе бойыңдағы зиянкестер ерегісіп, күшейіп кетеді», – дегесін уайымға баттым. Сосын тәуекел етіп, тазарып алмаққа бел будым да, банктен несие алдым. Емшінің сұрағанын апарып беріп, емін қабылдадым. Бірақ одан ешқандай да нәтиже болған жоқ.

Кейін әлгі емші мекен-жайын ауыстырып, телефон нөмірін де өзгертті. Бірақ оны жұрттан сұрастырып жүріп тауып алдым. Жағдайымды айтсам, тағы да емделуің керек дейді. Осыдан кейін одан күдіктене бастадым. Енді ол маған ауыртпалықтан арылу үшін әрқайсысын 3 келідан етіп сиырдың, доңыздың, қойдың етін әкел деді. Оған қоса 10 дана шұжық, бірнеше келі азық-түлік, кәмпит-күлшелер апаруым керек екен. Есептеп көрсем, оған да 50 – 55 мың теңгедей қаржы кетеді.

Ал әлгі әйелге барып көрініп жүргендер тек мен ғана емес. Әр барғанымда адамдар топырлап кезек күтіп тұрады. Сонда осынша жанның бәрінен жаңағыдай нәрселер әкелуді талап етіп отырған адамның ісін қалай деп түсінуге болады?

Қысқасы, мен әлгі әйелге алданғанымды енді біліп отырмын. Бүгінде ондай алаяқтар көп. Сондықтан басымнан өткен оқиғаны сіздерге арнайы хабарлап отырмын. Жұрт алданбасын, ойлансын», — дейді тұрғын.

Редакция емші әйелге хабарласқанымен, ол басқаларды емдемейтінін айтып, ат-тонын ала қашқан.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »