Новости на Newstaraz.

Шымкентте шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа сәбидің мүрдесін беріп жіберген

newstaraz.kz

Көрнекі сурет. Фото әлеуметтік желіден алынды

Жаға ұстатарлық жағдай Шымкент перзентханасында болды. №4-ші перинаталдық орталық қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше ғана сәбилі болып шаттанған Айжан, енді шақалағының мүрдесіне қарап есінен тана береді. Шілденің 28-де №4-ші перинаталдық орталықта босанған ұлы 20 күннен кейін көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан ана бұған дәрігерлерді кінәлап отыр.

«Система салды тоқтаусыз. Медбике антибиотик деді. Көз алдымда көкпеңбек болды балам. Реанимацияға барғанша жүрегі үзіліп кетті», — дейді марқұм нәрестенің анасы Айжан Кенжетайқызы.

Мүслім деп есім берген бала өлгенде де Алланың ісі деп, ши шығармаған жақындары бүгін денесін үйіне әкелгенде жаға ұстады. Жерлеудің алдында жуындыру үшін оралған ақ матаны ашқан кезде Мүслімнің орнына өзге шала туылған 4-5 айлық қыз баланың денесін көрген. Ашуға булыққан туыстары дереу перзентханаға келіп, дәрігерлерден жауап беруді талап етті.

Марқұм нәрестенің анасы Айжан Кенжетайқызы. Кадр КТК арнасы

Похожие статьи

«Мүслімнің орнына Алена деген орыс қызын беріп жіберген. Мұсылмандық ғұрыппен жаназасын шығару үшін баланы жуындырмақ ашсақ, ішінде қыз бала жатыр», — дейді марқұм нәрестенің туысы Серік Елтайұлы.

Ұлардай шулап, ашуын кімнен аларын білмей тұрған туыстарына дәрігерлер де ұстатар емес. Таңертеңнен бері бір жауаптыны таба алмай жүрген жұртқа ақыры бас дәрігердің орынбасары шықты. Перзентхана басшысы кінә қызметкерлерінен екенін мойындап отыр. Сондықтан, арнайы тексерістен кейін барлығы жазаланатын болады деп уәде берді.

«Біз жауаптан қашпаймыз. Жауаптылар жауап береді. Өте қиын жағдай. Кешірім сұраймыз», — дейді ОҚО №4-ші перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Мәдина Мәмбетова.

Туыстары ұлардай шулаған соң он шақты полиция қызметкері де келген. Шағымды тіркеп алғанымен олар әзір қай бап бойынша іс қозғалатынын айта алған жоқ.

Абдыраған ата-ананың арызын қазір полицейлер әкетті. Перзентхана мамандары да өз арасында қызметтік тексерудің басталғанын айтады. Ал, өз баласының мүрдесін әзер алдырған туыстары Мүслімді бүгін-ертең жер қойнына тапсырмақшы.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »