Новости на Newstaraz.

Шымкентте өзін зорлаған жігіттерден қашпақ болған қыз екінші қабаттан құлап кетті (видео)

newstaraz.kz

Көрнекі сурет

Шымкентте бір топ жігіт жас бойжеткенді жабыла зорлаған. Айуандыққа барған азғындар арам ісін іске асыру үшін бойжеткенді кездесуге алдап шақырған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы портал тілшісіне қыздың анасы Балмаржан айтып берді.

Жаға ұстатарлық жайт 16 қыркүйек күні қаладағы Жангелдин көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Пәтерге қызды алдап шақырған жігіттер сусынға естен тандыратын дәрі қосып беріп, алма-кезек жыныстық қатынасқа түседі.

Зорланған қыз Айгерімнің айтуынша, Нұрлан есімді қызылордалық жігіт оны пәтерге алдап алып кетіпті. Содан соң, тағы екі жігіт келіп, ішімдік ішкен соң, қызға тиісе бастайды.

«Жігіттердің арам ойын байқаған соң, пəтерден қашқым келді. Бірақ олар есікті құлыптап алды. Есімді білмеймін, бір қарасам төсекте жатыр екенмін. Жігіттердің алма-кезек мені қорлап жатқанын сездім. Тіпті, олардың айуандықтары әбден жанымды жеді. Сәл есімді жиған соң, терезеден секірмек болдым. Сол кезде үшінші жігіт тап берді. Оған терезеден құлайтынымды айтып қорқытнқанымда: «Өзім-ақ өлтіре саламын», — деп жұлқып жіберді. Ары қарай көзімді ашсам далада жатырмын», — дейді Айгерім.

Похожие статьи

Айгерім өзіне азғындық жасаған жігіттерден қашпақ болып, екінші қабаттан құлап кеткен. Алайда, өзі құлағаны әлде басқалардың итеріп жібергені белгісіз.

Бойжеткеннің екінші қабаттан құлап кеткенін байқаған азаматтар дереу жедел- жəрдем шақыртқан.  Жоғарыдан құлаған бойжеткенің омыртқасы мен аяғы шығып, қазір аурухунада жатыр.

Айгерімнің анасы қазір қызының жанынан екі елі шықпай, қарап отыр. Қызының аянынышты жағдайы үшін күйінген ана полицейлердің ісіне ашынуда. Айтуынша, қылмыстық ісі қозғалғанымен, күдіктілер əлі қамауға алынбаған.

Ал ОҚО ІІД баспасөз қызметі  қаскөйлердің қамауға алынбағаны туралы ақпарт бермеді. Тек қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »