Новости на Newstaraz.

Шымкенттегі қытайлықтар жаңа жылды тойлау үшін Алматыдан қымбат ішімдіктер алдырған

newstaraz.kz

Фото: zamana.kz

Бүгінде бірқатар Азия елдері Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мейрамын тойлап жатыр. Бұл мерекені Шымкентте тұрып жатқан қытайлықтар да атап өтті деп хабарлайды Zamana.kz.

Бұл туралы Шымкент тұрғындарының бірі айтып берді.

«Жұрт «Қытай қалашығы» деп атап жүрген жерде тұратын қытайлар өз жаңа жылдарын атап өтті, – деді ол. – Мұны сол жерде жұмыс істейтін ауылдасымыздан естідік. Оның айтуынша, қытайлықтар мерекеге жақсы дайындалған. Қаладағы «Фиркан-сити» деген үлкен супермаркеттен азық-түлік, мол етіп сыра, арақ-шарап та алдырыпты. Тіпті мыңдаған теңгеге Алматыдан «Нефть» деп аталатын аса қымбат ішімдік алдыртқанын айтып жүргендер де бар.

Олар Жаңа жылды «салют» атып қарсы алады. Отшашу көбірек атылса, жаман рухтар қашып, жыл бойы жоламайды деген сенімдері бар. 

Похожие статьи

Жалпы, қытайларда тәртіп аса қатал екен. Жұмысшылары басшыларына қарап ауыз ашпайды, олардың алдында жүзін төмен салып жүреді дейді. Кейде басшылары оларды кәдімгі солдаттар сияқты «шагать» еткізіп тұратын көрінеді.

Негізі, оларда біздегі сияқты мерекелерде берілетін демалыс күндері жоқ есепті. Ал, жаңа жыл мерекесінде осындай кеңшілік жасалынған. Қытайдың өзінде бұл мереке бірнеше күн бойы қатарынан тойланады деседі»

Шымкент мұнай өңдеу зауытына жақын тұста орын тепкен «қалашықтағы» казарма сияқты салынған үйлерде ұзын саны 1500-дей қытай тұрады. Яғни, олар аталған зауыттағы құрылыс жұмыстарымен айналысады. Мемле­кетаралық келісім бойынша Қытай азаматтары Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңартып-жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал әлгі «қалашықта» аспаз, тазалықшы, жүргізуші сияқты жұмыстарға жергілікті азаматтар да қамтыл­ған.

Міне, осы «қалашықта» қаңтар айының соңын ала Шығыс күнтізбесі (оны «Ай күнтізбесі» деп те атайды) бойынша Тауық жылының алғашқы күні аталып өтіпті.

Айта кетейік, Қытай мемлекетінде биылғы жаңа жыл мерекесі 28 қаңтарда басталды. Қытайлардың қолданысындағы Ай құбылыстарына негізделген күнтізбе бойынша ол бірнеше күнге ауытқып, қыстың қаңтар-ақпан айының бірнеше күндеріне сәйкес келіп отырады.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »