Новости на Newstaraz.

Шымкенттік ақсақал әйелін сырқаттан құтқару үшін 100 мың теңге беретін адам іздеп жүр

newstaraz.kz

Ақсақал. Фото: Замана

Шымкентте әйелі «циррозбен» сырқаттанып қалған қария «Замана» басылымының редакциясына көмек сұрап жүгінді.

«Бір газеттегі жарнаманы көріп едім, бауыр ауруына жақсы көмектеседі дейді. Бағасы 120 мың теңге екен. Оған қолымда бары 20 мың ғана. Кемпірімді аман алып қалу үшін әлі 100 мың теңге керек. Қайырымдылық танытып, қол ұшын созатын адам болса, тіпті болмаса қарызға беретін жан табылса, пенсиямнан жинап, бір-екі жылда қайтаратын едім», – деген қария сөзінің аяғын айта алмай, көмейге тығылған өксікпен қатар көзіне келіп қалған жасты көрсетпеу үшін алдындағы қағазға шұқшия берді.

Похожие статьи

Ақсақал балалары оған көмектесе алмайтынын алға тартты.

«Екі қыз, екі ұлым бар. Бәрін де үйлі-жайлы етіп, немере сүйген жанбыз. Тек кемпірім ауырып қалып… Дәрігерлер цирроз дейді. Балалар жұмыста ғой! Бәрі балалы-шағалы. Бірінің «кредиті» бар. Екіншісі үй салған, ақшалары соған кетіп жатыр. Қыздар күйеулері мен енелерінен шыға алмайды. Балаларға салмақ салғымыз келмейді. Өз күндерін өздері көрсінші. Ал маған кемпірімнің ба­уырын емдеуге көмектесетін емші немесе дәріге ақша беретін қайырымды адам керек», — дейді қария.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »