Новости на Newstaraz.

Шымкенттік асаба: Байлардың тойында миллиондаған қаржы желге ұшады (фото)

newstaraz.kz

Шымкенттік асаба қалталы азаматтардың той басқарушыларға қоятын талаптары мен қарапайым халық сұранысын жіктеп тұрып айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, соңғы кезде элиталы той жасаушы бай-бағландар бірінші кезекте асабаның киімі мен сыртқы келбетіне қарайды екен. Кейде миллиондаған раушан гүлін жерге төсеп, миллиондаған қаржыны желге ұшыратындар да жоқ емес деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото асабаның архивінен алынды

Шымкенттік асаба Бекжан Бейсебаевтың той басқарып жүргені 12 жыл болған. Аптаның жеті күні болса, кейде соның бес күнінде тойда қызмет ететін ол тек қана шымкенттік емес, сонымен қатар Астана, Атырау, Ақтау қалаларында өтетін тойларды да басқарып жүр.

Он екі жылдық тәжірибесі бар отыз жастағы асаба элиталы тойларды да жүргізеді. Той қызметкері өз сөзінде екі қуаныштың бір-бірінен айырмашылығы жер мен көктей екенін айтты.

«Мен өзім той басқаруда тарихқа көбірек үңіліп, той жасап жатқан әулеттен шыққан тұлғаларды сөзіме көбірек арқау етемін. Кейбір әріптестерім секілді ортаға шыққандарды орынсыз кекету-мұқату дегенге мүлдем қарсымын. Қарапайым халық көбіне әзілді жақсы көреді. Мүмкіндігінше көбірек би билетіп жіберсең дейді.

Той ортасында ұйымдастырылатын ойынды да сұрап жатады. Ал қалталы азаматтар көбірек мақтау мен марапатты ұнатады. Кейде той иесінің немесе сөз кезегі берілген қонақтың мемлекеттен алған наградалары мен жасаған жақсы тірліктерін тізіп шыққаныңды қалайды» деген асаба элиталы тойлардағы мұндай марапаттың екі жасқа немесе тойы болып жатқан жас балаға түкке қажеті жоқтығын айтты.

Фото асабаның архивінен алынды

Бұдан өзге асаба той жасаушы қалталы азаматтарды екі топқа жатқызатынын ашып айтты. Бірі – сараң, екіншісі – жомарт жандар.

Похожие статьи

«Әрине, барлығы бірдей емес. Дегенмен араларында келісілген гонорарыңды созып, ертең немесе бүрсікүні деп жүріп алатындар бар. Тіпті кейде өнер көрсетуге келген әншілерге гонорарын азайтып бергісі келетіндер де табылады. Ал кейбірі қуанышынан ешнәрсені аямайды. Жомарттық танытып, ризашылығын білдіріп жатады.

Кейде расымен де оңды-солды шашылған той иесінің ақшасы жетпей, ыңғайсыз жағдайға тап болатын сәттері де кездеседі. Бірақ олар келесі күні болса да келісілген бағаны жеткізіп береді» деген Бейсебаев мырза мұндай жағдайда кей кездері өнер иелерінің өздері мәрттік танытып, той иесіне қуанышын ортақтасып, «құтты болсын» деп «тойанасы» ретінде атап, кешіріммен қарайтынын айтып қалды.

Фото асабаның архивінен алынды

Тағы бір атап өтерлігі, бүгінде той жасаушы қалталы азаматтардың көбі бірінші кезекте асабаның киімі мен сыртқы келбетіне мән береді екен.

«Той болмай жатып алдын ала келіссөз жүреді ғой. Сондай жағдайда «не киесің?» деп сұрайтындар бар. Ал қарапайым халықты ол сұрақ мазаламайды. Олар асабаның тойға киімсіз келмейтінін біледі ғой. Қалталы азаматтар болса, брендтік киімдер киюге талап қойып жатады. Сондай-ақ, элиталы той жасаушылар асабаның түріне қарайды.

Алла тағала шебер ғой, он екі мүшеңді сау етіп жаратқаннан кейін түрге қараудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Асаба болу да Алланың берген өнері» деген жігіт элиталы той иелері көп жағдайларда той басталмас бұрын «мынаны былай жаса» деп бұйырып отыруға құмар екенін де жеткізді.

Өз сөзінде талайдың қуанышын бөлісіп жүрген жігіт соңғы кезде Шымкентте саны бар, сапасы жоқ қыздардан құралған триолардың көптеп кеткеніне қынжылды. Оның ойынша, көбінің айтылатын әні де, биі де бір. Дауыстары да алып бара жатқан ерекше емес. Бастысы, бойы мен сұлулығы. Трио жетекшілері сұлу қыздарды жиып алып, ақша табудың осы бір оңай әдісін тауып алған.

Бекжан Бейсебаев сөзінің соңында шымкенттік бай-бағландар тек отандық емес, Өзбекстан мен Қырғызстан, Ресей өнерпаздарын тойларына жиі шақырып жүргенін айтты. Тіпті шетелден келетін өнер иелері де бар. Алайда асаба мұны миллиондарды желге ұшырумен тең деп есептейді.

Оның ойынша, шетелдің әншісіне қыруар қаржы беріп ән шырқатқанша, қазақтың тойында қазақ әншісі өнер көрсеткені дұрыс. Тек әншілерді шақырып қана қоймай, миллион раушан гүлімен тойхананы безендіріп, қыруар қаржы шашып, аста-төк жасайтындарды да сынап алған ол қарапайымдылыққа ешнәрсе жетпейді деп есептейді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »