Новости на Newstaraz.

Шымкент: 135 сарбаз ант қабылдады

newstaraz.kz

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының 135 жауынгері Отанына адал болуға ант берді. Салтанатты шара әскери бөлімнің саптық алаңында өтті.

Трибунадан бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп ізгі тілектерін айтты.
Әскери рәсімді өткізу үшін қонақтар мен командирлерінің сөзінен кейін қолында қаруы бар сарбаздар өз борышын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан Республикасының Президентін батыл қорғауға ант берді.
Президенттің инаугурациясымен сәйкес келген ант беру рәсімі жас сарбаздар мен олардың ата-аналарына бұл күнді есте сақтаудың қосымша себеп болды. Олардың айтуынша, мұндай сәйкестік және жақында қол қойылған қорғаныс ведомствосы мен жоғарғы оқу орындары арасындағы келісімдер жақсы қызмет үшін тамаша ынталандыру болып табылады және армиядан кейінгі өмірлеріне жақсы трамплин болады.
— Бүкіл еліміз үшін осы тарихи күні әскери ант қабылдау рәсімін өткізу бақытына ие болдық. Бұл бір жыл ішінде нағыз жауынгер болуға мүмкіндік алғанымызды білдіреді, — деп Алматы қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Тұрсынжан өз әсерімен бөлісті.
Қостанай облысынан келген Елена Матюхова үшін бұл күн өмірінде ерекше орын алды. Себебі, Еленаның үлкен ұлы Максим осы жылдың көктемінде Шымкенттің механикаландырылған бригадасына шақырылды, ал алты айдан кейін інісі Даниил да сол бөлімге сарбаз болып келді.
— Жеке өзім үшін бұл күн ерекше болды, өйткені менің ұлым Даниил, осы жылдың көктемінде шақырылған үлкен ағасы Максим сияқты, ант қабылдады, Отанның нағыз қорғаушысы болды. Біз, ата — аналар, әскери бөлімнің командирлері мен сержанттарына, олардың жұмыстағы үйлесімділігі, ұлдарымызға деген ұйымшылдығы мен жанашырлығы үшін өте ризамыз және алғысымыз шексіз, — дейді екі сарбаздың анасы Елена Матюхова.
Ант беріп, салтанатты шерумен өткеннен кейін сарбаздар дайындаған қойылымдарымен, қару-жарақпен саптық амалдарды орындап өнер көрсетіп, әскери дефиле жасады. Мұның бәрін олар өткен бір ай ішінде үйренген болатын.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »