Новости на Newstaraz.

Шымкент: Есірткі таратқан интернет-дүкеннің жолы кесілді

newstaraz.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Телеграм» әлеуметтік желісінде есірткі таратып келген интернет-дүкен анықталды.

Аталған қылмысты жасауға қатысты деген күдікпен 3 адам құрықталды. Оның екеуі 41 және 35 жастағы азаматтық некедегілер болса, қалған біреуі әйелдің бірінші некеден туған 21 жастағы ұлы болып табылады.

Заңсыз табысты отбасылық кәсіп еткендер біршама уақыттан бері интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, есірткі заттарын тұтынушыларға ұсынып келген.

Тергеу барысында электрондық төлем жүйесі арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, оны жасырын орындарға қалдыру әдісімен таратқаны белгілі болды.

Күдіктілердің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде есірткі қылмыстарын таратуға қатысты техникалық құралдар, электрондық таразылар, банк карточкалары, ұялы телефондар, есірткі заттарын бөлшектеуге және орауға арналған түрлі материалдар, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ 68 дана дайын есірткі заттары тәркіленген.

Сонымен қатар, есірткі жасырылған орындардан қосымша тағы 2 есірткі заттары алынған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттар есірткінің синтетикалық түріне жататыны расталып, жалпы салмағы 37 грамды құрады.

Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Кінәсі дәлелденген жағдайда, олардың мүлкi тәркiленiп, 15 (он бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі саудасына қатысқаны үшін қолданыстағы заңда ұзақ мерзімдерге қылмыстық жаза көзделгенін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »