Новости на Newstaraz.

Шымкент гарнизонында техника жазға дайындалуда

newstaraz.kz

Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жоспарына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

 

Техниканы ауыстыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мамандар жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың техника саны бойынша есебін жүргізеді, құжаттарды әзірлеуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тәртіп орнатады, сақтау орындары мен парк үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізеді.

— Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын зерделеу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Оларды әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырды, – деп түсіндірді 35748 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-бөлім бастығы подполковник Рахматұлла Тасполтаев.

Жанар-жағармай материалдарының барлық түрлері, құрал-саймандар мен қажетті қосалқы бөлшектер алдын ала алынады. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20-ға дейін түрі жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдығы тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады.

Жұмыстардың сапалы орындалуына, қауіпсіздік шаралары мен өртке қарсы қорғаныстың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жөніндегі жұмыстар қару-жарақтың, әскери техника мен парктің әзірлігін тексеру мен қорытынды акті жасау арқылы аяқталады.

 

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі

 
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
байланыс телефондары: 87781475425
                                                  87472093922 (what’s app)
                                                 shymkent_press@mail.ru

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »