Новости на Newstaraz.

Шымкент: «Жас Ұлан» мектебінде батырға бюст орнатылды

newstaraz.kz

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп түлегі 35 гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары гвардия подполковнигі Хаиыров Сәндібек Ғалымоллаұлының туылған күніне орай бюстінің ашылуы рәсімі өткізілді. Салтанатты рәсімге қатысушылар батырдың рухына тағзым етіп, оның мектеп кезін еске алды.

 

Бюстті салтанатты түрде Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Пернехан Орынбеков пен Сәндібек Хаировты үлкен өмір жолына шығарып салған сынып жетекшісі  Сейдинова Нуржамал ашты.

Іс-шарада сөз сөйлеген мектеп бастығы полковник Пернехан Орынбеков ел қорғаған батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпай, кейінгі буынға үлгі тұту мақсатында осындай ескерткіштердің маңызы зор екенін атап өтті.

– Құрметті ұландар, елін қорғаған ерлерді ұлықтап жатқан азаматтарға алғысымды айтамын. Елі үшін еңбек етіп, бар ғұмырын халқының болашағына арнаған Сәндібек бауырымыздың ескерткішін осы мектепте оқитын ұландарымыз өткенінен өнеге алып, Тәуелсіздіктің қадірін түсінсін, ұғынсын деген мақсатта орнаттық. Ел басына күн туғанда аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі бүгінгі ұрпақтың санасында нағыз отансүйгіштіктің үлгісі болуы керек. Еңселі ескерткіш көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, елді патриоттыққа тәрбиелейтін теңдессіз дүние болсын!, – деді полковник Пернехан Орынбеков.

Сәндібек Ғалымоллаұлы 1996-1999 жылдары осы мектепті бітірген соң, жоғарғы әскери оқу орнына түскен. Әскери қызметін взвод командирінен бригада командирінің орынбасарына дейінгі лауазымдарын атқарған. 2022 жылы болған қаңтар оқиғасында өзінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан.

Бюстті жасауға мектеп түлектері, сондай-ақ, осы мектептің түлегі Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атсалысты.

Салтанатты шара мектеп түлектерінің жыр-шашуымен жалғасын тапты.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »