Новости на Newstaraz.

Шымкентте армиялық қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

newstaraz.kz

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының спорт кешенінде армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир аяқталды. Ол әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау, әскери спортшылардың кәсіби шеберлігін және судьялардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Жарысқа Шымкент, Сарыағаш және Арыс гарнизондары әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері бірінші жеңілістен кейін жарыстан шығу жүйесі бойынша төрт салмақ санатында бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды механикаландырылған бригада басқармасы жеңіп алды, турнирдің «күмісі» мотоатқыштар батальонының командасына бұйырса, үшінші орынды штаб батальонының командасы алды.

Төрешілер алқасы спортшылардың жақсы дайындығын атап өтіп, «Үздік техника» номинациясында лейтенант Ерлан Ахбердиев пен ефрейтор Бари Дастан марапаттаса, «Жеңіске деген жігері» марапаты аға лейтенант Руслан Тұрартаевқа берілді.

— Армиялық қоян — қолтық ұрыс әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Жақын жекпе-жекте атыс қаруын немесе қарудың басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық тәсілдерді қолдана білуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды. Барлық қатысушылар бір – біріне лайықты бәсекелестік көрсетті, — деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақпан айында өтетін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының чемпионатына қатысады.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »