Новости на Newstaraz.

Шымкентте Бахрейнге қыздарды «жыныстық құлдыққа сатты» деп күдікке ілінгендердің соты басталды

newstaraz.kz

27 мамырда Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «адам саудалап, жыныстық құлдыққа салды» деген күдікке ілінген 16 адамның ісін қарай бастады.

Айыпталушылардың арасында Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Айыпталушылардың 12-сі – әйел, 4-еуі – ер адам. Олар Қылмыстық кодекстің «Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» (264-бап), «Адам саудасы» (128-бап), «Кәмелетке толмағандар саудасы» (135-бап), «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру» (218-бап) бабымен күдікке ілінген.

Сот тергеуіне судья Әбсаттар Шахиддинов төрағалық етіп жатыр. Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбі жәбірленуші ретінде 38 адам танылғанын, олардың екеуі кәмелет жасқа толмағанын айтты. Іске 16 адвокат пен 2 прокурор қатысып отыр.

«Жәбірленушілердің ішінде кәмелет жасқа толмаған адамдар бар, сот тергеуі жабық өтеді» деді соттың баспасөз хатшысы.

Айыпталушылардың адвокаттары мен жәбірленушілер және олардың адвокаттарынан пікір алу мүмкін болмады.

Іс сотқа 14 мамырда түскен. Айыптау актісі екі томнан, жалпы іс 150 томнан тұрады. 2021 жылдың ақпанында ішкі істер министрлігі Бахрейнде «адам саудалап, жыныстық құлдыққа салған» топтың ұсталғанын мәлімдеген. Жәбірленушілердің дені тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар екені айтылған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »