Новости на Newstaraz.

Шымкентте полицейлер бұрынғы жұбайын тонаған азаматты құрықтады

newstaraz.kz

Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Азаматша өзінің бұрынғы күйеуі пәтерге жасырын кіріп, құны 50.000 теңге тұратын алтын жүзігін және құны 30.000 теңге тұратын 4 дана газ баллондарын, ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, оқиға болған орынға жақын маңдағы бейнебақылау камераларын қарап, ер адамның айрықша белгілері бойынша жүрген жерін анықтады. 45 жастағы азаматты қала аумағынан ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бапқа сәйкес қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, қауіпсіздік мақсатында мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керектігін ескертеді.

Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »