Шымкентте шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша жұмысты Қайсар Сұлтанбаев тексерді
Бүгін республикада шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталды. Бұл бағыттағы Шымкенттегі жұмысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев қадалауға келді. Жұмыс сапары барысында полиция полковнигі Шымкент ПД бастығы Қайрат Дәлбековпен бірге автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын аралады.
Полицейлер шетелдік автокөліктерді заңдастыру мәселелері жөнінде азаматтардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау бойынша ХҚКО жұмысын тексерді.
Мегаполисімізде бірінші болып Есенгелді Досболов өз көлігін тіркеді. Қысқа уақыт ішінде автокөлік иесі өткен жылы елге әкелген «Toyota» автокөлігін толық тексеруден өткізіп, шетелдік нөмірін қазақстандық нөмірге ауыстырды. Жүргізуші бұл рәсімге бір сағаттан астам уақыты кеткенін айтып, полицейлер мен ХҚКО жұмысшыларына жылдам қызмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі