Новости на Newstaraz.

Шымкенттік полицейлер 83 жастағы қарияның ұялы телефонын ашық түрде тонап кеткен азаматты ізін суытпай құрықтады

newstaraz.kz

Шымкенттік полицейлер  83 жастағы қарияның  ұялы телефонын ашық түрде тонап кеткен азаматты  ізін суытпай құрықтады

Фото : CC0 / beejees

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне Шымкент қаласының 83 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, күндізгі сағат 12-45 шамасында зейнетақысын алуға «Гиперхаус» сауда орталығындағы банкоматқа кезек күтіп отырғанында төс қалтасындағы құны 80 000 теңге тұратын «Samsung galaxy А12» маркалы ұялы телефонын белгісіз ер азаматтың ашықтан-ашық үптеп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Сәйкесінше, тәртіп сақшылары арыз түскен сәттен бастап жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Белгілі болғанындай, оңай олжаға кенелмекші болған азамат қарт кісінің қауқарсыз екенін пайдаланып, ұялы телефонын ашық түрде алып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларын жіті қарап, күдіктінің түр-тұлғасын анықтады.

Тәртіп сақшыларының жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде, ұялы телефонды ашық түрде тонаған күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай небәрі екі сағаттың ішінде қолға түсірді.

Күдікті азамат өзі ұрлаған ұялы телефонды «Гарант» сауда үйінде сатайын деп тұрған жерінен ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды. Бұрын-соңды сотты болмаған. Өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі уақытта ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде, сақшылардың жедел әрекетіне тәнті болған 83 жастағы қария алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындардан жасы егде қарияларға аса қамқорлық танытуды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »